Үш күн тамақ ішпесеңіз не болады?

Oinet.kz 26-09-2023 1079

Кей адамдар тіпті бір мезгіл тамақ ішпей қойса, әлсіздік пен жағымсыздық сезеді. Ал ұзақ уақыт бойы тамақтан бас тарту денсаулыққа қатысты көптеген проблемаға әкелуі мүмкін. Адам үш күн бойы тамақ ішпесе, ағазаға не болуы мүмкін?

Screenshot_18.jpg

Бұлшықет массасы азаяды

12 сағат ашығудан соң ағзада энергияның негізгі көзі - глюкоза қоры азаяды. Нәтижесінде жасушалардың көмірсулы ашығуы пайда болады және дене майлы тінді ыдыратады. Бұл кетоза деп аталады. Осы процестер үшін ағзадағы бұлшықет массасы азаяды да, адам өзін әлсіз және шаршаңқы сезінеді. Тіпті, таңертең төсектен тұру немесе дүкенге бару секілді қарапайым әрекеттердің өзі оған қиынға соғуы мүмкін.

Тәбеті төмендейді

Тамақсыз бірінші күні өзіңізді қатты аш сезінесіз: ағза глюкоза қорын толтыру үшін тамақтан пайдалы заттар алу керегін білдіреді. Содан соң дене кетозаның зат алмасу процесіне түседі де, тәбет төмендейді. Әдетте, тамақтан бас тартқаныңызға екі немесе үш күн болғанда тәбетіңіз төмендей бастайды. Бірақ сонда да асқазан-ішек жолы жағынан жағымсыз белгілер байқалады: іштің шұрылдауы, қыжыл, ауырлық.

Дене массасы азаяды

Үш күн ашығу кезінде арықтауға болады, бірақ оны дұрыс диета ретінде қарастыруға болмайды. Сіз майға қарағанда су салмағын көбірек жоғалтасыз. Соның себебінен таразыдағы сан аз болып көрінеді. Дене майлы тіннің қандай да бір бөлігін ыдыратуы мүмкін, бірақ бұл бірден әдемі дене пішініне жету үшін жеткіліксіз.

Когнитивті функциялар төмендейді

Ақпаратты есте сақтай алмау, таныс сөзді еске түсіре алмау және дұрыс шешім қабылдай алмау – үш күн тамақ ішпеген адам осындай қиындықтарға тап болуы мүмкін. Себебі ағзаға мидың дұрыс жұмыс істеуіне қажетті минералдар мен аминқышқылдар жетіспейді.

Суыққа деген сезімталдығы өзгереді

Ағзаға энергия өңдеуге қажетті заттар жетіспегендіктен, адам суықты қаттырақ сезеді. Тіпті, жылы бөлменің ішінде ол қатты тоңады.

Ауыздан жағымсыз иіс пайда болады

Ағза кетоза процесін іске қосқан кезде ол глюкозаға балама отын іздей бастайды. Бұл өзгерістің қосымша әсеріне кетозды тыныс алу – ауыздан ацетонның иісі шығу жатады. Ол адамның өзіне де, жанындағылар үшін де жағымсыз.

Иммунитет түсіп кетеді

Иммунитет дұрыс қызмет ету үшін ағзаға дәрумендер мен минералдар қажет: А, С, В6, Е және D дәрумендері. Бұл ағзалардың үш күн бойы ағзаға түспеуі иммунитеттің түсіп кетуіне ықпал етеді.

Көңіл күй нашарлайды

Пайдалы заттардың жетіспеуі адам психикасына жағымсыз әсер етеді. Бұл кезде адамның көңіл күйі құбылмалы болады. Ол өз эмоцияларын бақылауда ұстай алмауы мүмкін.

Massaget.kz

Өлген адамның «қалған ғұмырын перзенттеріне берсін» деп айтуға болмайды екен
Бір келіннің кесірінен бүткіл ауылдың сүйегіне қара таңба болып қалған сөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу