Бүгінгі қыздар туралы айтылмай жүрген әңгіме

Oinet.kz 15-08-2023 3830

...Бала кезімнен «Балапан қаз» әнін ерекше ұнатушы едім. Біздің оңтүстікте бұл ән сирек айтылатын. Мен оны халық әні деп ойлайтынмын. Сөйтсем, ол аға буын замандасымыз, торғайлық сазгер Арғынбай Жұмажанұлының әні екен. Әннің мәтінінен де, авторынан да бертінде хабардар болдық.

Screenshot_6.jpg

Ал, сол әнде «Алдымнан келін кесіп өтпеген жер» деген жолдар барын мен енді ғана білдім... Сол бір ауыз сөз осыдан жиырма жыл бұрын болған, ешқашан жадымнан өшпеген, ойлы жасқа үлгі етіп, айта-айта жүрген бір үзік оқиғаны есіме салды.

Алматыда оқып жүрген кездері бір айға жуық төрт атадан қосылатын ағайындарымыздың үйінде тұрақтауға тура келді. Шаңырақ иелері жиырма сегіз-жиырма тоғыздар шамасындағы жастар еді. Ағамыз − салмақты, жеңгеміз жайсаң жан болатын. Бірде таңертең жеңгем − жұмысқа, мен оқуға бір мезгілде шықтық. Екеуміз екі жаққа айырылысар тұсқа келгенде жеңгеміз жол өзінікі болса да, бір қадам кейін шегініп: − Қызсың ғой, жолыңды кеспейін, сен өте бер, − деді. Сол таң, сол сәт, жеңгемнің сол кездегі нұрлы жүзі қаз-қалпы жадымда жатталып қалды. Мен сирек көрген мейірімнің бір үзік көрінісі еді бұл. Қазақтың қызға деген алғаусыз ақ пейілі мен қалтқысыз құрметінің көнеден жеткен көркем көрінісі еді. Жолы жіңішке қыз баланың бақ жолына бір мысқал да кедергі келмесін, көңіліне қылаудай да қаяу түспесін деп үкілі үмітпен үлбірете өсірген қамкөңіл қазақ жұртының айкүміс арманының жан сүйсінтер жарқылы еді... Солардың соңғысын көрген біздің буынның да аз-кем бағы бар екен. Аз құрметті көзбен көріп, көп қасиетті қағаздан оқып білдік.

Айнұр Әбдірәсілқызы

Өтін алдыруға ота жасатамын деп барған келіншек, мүлде басқа жағдайға тап болды
Ағама қонаққа барып, сыры көшкен ескі табақтан тамақ жеп қайттым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу