«Қорыққанға қос көрінеді» деген сөз осыдан шыққан

Oinet.kz 19-10-2022 1112

Ертеректе бір жолаушы сапар шегіп келе жатады. Бір сарынды жайлы жүрісі бар атының үстінде ойға батып кеткен жолаушы, кенет "тысыр" еткен дыбыстан басын көтеріп алады. Алдына қараса қос қара аттылы келе жатыр. Сауыт-сайман асынған, бес қаруын сайланған қос қара аттының жүрісі суыт, түсі суық көрінді.

Screenshot_9.jpg

Жолаушы енді оң жағына қарады. Бұл жақтанда солай, қос қара атты келе жатыр. Тездетіп сол жағына сосын артына қарады, мұнда да солай. Барлық жағынан қос қара аттылыны көрген жолаушы шошып кетті. Бойын үрей билеп, маңдайынан суық тер бұрқ ете қалды. Жан-дәрмен басындағы малақайын жұлып алды. Енді қараса ештеме жоқ. Малақайын кисе қос қара аттылы пайда бола қалады. Таң қалған жолаушы жағдайды кейіндеу түсінді. Сөйтсе, қос қара аттылы болып көрінген, малақайының маңдай тұсындағы салбырап тұрған жүндері екен. Тер тиіп ширатылған қозы малақайдың жүндері көз алдына түскенде солай көрініпті)  

А.Тұрғанбекұлы

Қазақгершілік дегеніміз - нағыз адамгершіліктің өзі
Апам тіккен ақ дамбал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу