Ғабит Мүсіреповтың естелігінен

Oinet.kz 16-01-2021 1132

image.png

Қою қара шашын арқасына жайыңқырап жіберген. Мөлдір қара көзді, ақ-сұрлаудан гөрі аққұбалау қыз екен. Жиналысқа кіріп келген бетінде көзім түсті де, кірпігіне кірпігім ілініп қалғандай, көзімді басқа жаққа аудара алмай қойдым. Жүрегім кеудеме сыймай, тулай берді. Бұған дейін таныспаған адамдар бір қарастықта табысып қалғандай болдық. Мен одан көзімді аударғаным жоқ. Туралап қадалмағанымен, қыздың көзі де ылғи мені жанай өтіп отырды. Мен солай ұғындым. Әрі-беріден соң қыздың адал көздері қаймықпай қарады. Бұл қыз қалжақтың адамы емес. Көздерінен барлық жан-жүрегінің қалай соғып тұрғаны байқалады. Шын-ақ еліктің баласындай сергек те сезімтал бір ерке жан екен. Аққұба жүзі жұмыртқадай ғана сопағырақ, көзінің ақ-қарасы айқын да ашық, езу тартқаны естен тандырғандай екен. Батыс-Шығыс әдебиетінде мақтаулы сұлу қара көз, қиғаш қас болып келуші еді, бұл қиғаш көз, қара қас екен. Әрі мөлдір қара көздерінің қарашығы да айырылмайтындай қара екен.

Мен ол жиналыста сөйлемеймін деген едім, тек қана сол қыз үшін сөйледім…

Әсет Ақмолданың Facebook парақшасынан алынды

Суретші Гүлфайруз Исмаилованың естелігінен
Дінмұхамед Қонаевтың ата-анасы туралы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу