Суретші Гүлфайруз Исмаилованың естелігінен

Oinet.kz 16-01-2021 1361

Гүлфайруз Исмаилова.jpg

Менің де тағдыр жолым өте күрделі болды. Туған әкем Қоңырбаев Таңсық деген кісі екен. Кезінде Санкт-Петербургтен университет бітіріп келген білімді, көзі ашық азамат болса керек. Естуімше сұңғақ бойлы, өткір көзді, көрікті жігіт болыпты. Соңынан әйелдер көп жүгіріпті... Не шықса да әйелден шықпай ма, сондай сылқымдар әкемді де әуре-сарсаңға салған көрінеді. Жадымда жатталып қалғаны – 1932 жылы әкемнің "халық жауы" атанып айдалып кетуі. Сол кеткеннен әкем қайтып оралмапты. Шешем Қайырниса жетім қалған мені жетелеп Мансұр Исмаилов деген дүнген жігітке тұрмысқа шығыпты. Соғысқа дейін шешем сол кісіден төрт бала көтереді. Соғыстың алдында өгей әкем мені өз атына аударып алады. Шешем жарықтық оңашада: "Үндеме, үндеме! Сенің әкең – Таңсық Қоңырбаев, бірақ оның атын атаушы болма. Оны ұмыт. Атын аузыңа алсаң бәлеге қаласың. "Мансұрдың қызымын де, сұраған елге", – деп құлағыма құйып отырушы еді.

 Мансұр әкей 1941 жылы майданға аттанды да, шешем бес баламен тағы да жалғыз қалды. 1945 жылы өгей әкем соғыстан аман оралды. Балдақпен келді, бір аяғын беріп қайтыпты. Соғыстан соң Болат деген бауырым өмірге келді. Бір аяқпен ақсаңдап жүрсе де сол кісі алты баланы өсіріп жеткізді. Мені өзге балаларынан кем қылған жоқ. "Суретші боламын" деген талабымды қайтармай, мені Ленинградқа оқуға да жіберді. "Қой, суретші болу қыз баланың қолы емес!" десе қайтер едім?!

Әсет Ақмолданың Facebook парақшасынан алынды

Әдебиетші ғалым Әбдіхамит Нарымбетовтің естелігінен
Ғабит Мүсіреповтың естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу