Жеті атаңызды білесіз бе!?

Oinet.kz 01-01-2021 843

Осы сұраққа әрқайсыңызда жауап берген боларсыздар. Біреу білемін,біреулер білмейміз, енді біреулер барлығын білмеймін, деп айтады.Бірақ осы сұрақтың неліктен туындайтынын,не үшін қойылып, неге жауап алғысы келетінін, біраз ағайын ұмытып бара жатқан сықылды. Өте өкінішті жағдай, «ештен кеш жақсы» жақсы деген екен ата-бабаларымыз. Сондықтан осы әңгімеге сіздерді тартып, өз ойыммен бөліспек болып отырмын.

image.png

Қазақ даласына мұндай дәстүр қайдан келді?

15-ғасырда Қазақ Хандығы орнап, оны Кереймен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты.

- Қандай ауруды емдеу қиын?

- Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын.

- Ал, оның алдын алуға бола ма?

- Болады. Жеті Атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек. Жеті қазақ үшін қасиетті сан.

Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тиым салыпты. «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығыпты. Содан бергі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты. Ал, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты шипагерлік кітап жазған адам.

Қарғыстың жаманы қайсы? (Абылай ханның жауабы)
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу