Салт-дәстүрлер заманына қарай өзгереді

Oinet.kz 18-10-2022 489

Screenshot_4.jpg

Қазақ халқында ұлттық дәстүрлердің, ұғымы Ислам дінімен бірге өрілген. Кейбір хақ діннің негізінде пайда болған. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлер төл мәдениетің аясында қарастырылған. Ал әрбір халықтың мәдениетін, танымдық тұғырын айқындап беретін таразы - сол халық ұстанған идеологиялық рухани жол, яғни діні. Сол себепті дін дегеніміз тіл мен дәстүр негізгі болып табылады. Ал халық дінін ұмыта бастағанда сол діннен қалған саркыттар әдет-ғұрыптар ғана көрініс береді. Кеңес өкіметі кезінде болған қазақ халқы асыл дінімізден алыстай бастады. Отаршылдың басты мақсаты осы болған. Сол сияқты қазақ халқы да отарланған ел ретінде талай дүрбелең заманды бастан кешірді. Алдымен дінге қатаң тыйым салынды. Сосын бірте-бірте тілден шеттетілген. Сөйтіп, өзінің тілі мен дінінен бейхабар мәңгүрттер пайда бола бастады. Сол бір алмағайып заманда діннен «ата- бабамыз мұсылман болған» деген ұғым мен Кәлима сөздер ғана қалды. Сөйтіп, Құдайды мойындамайтын атеизм ілімін идеологиялық арқау еткен коммунизм мұраттарына бейімделе бастаған жұрт ендігі жерде діннен тек салт-дәстүр мен адамгершілік принциптері, ұлттық ерекшеліктер ғана қалды. 

Әлхамдулилла, Құдай Тағала қалауымен егемендікке қол жеткізген соң сақталып қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, салт- сананы қайта жаңғырту негізінде қайтадан толыққанды ұлт болып қалыптасып келе жатырмыз. «Адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады». Дәстүр мен мәдениет дінінің ықпалымен дамып, өзіндік өң қалыптастырады. Қорыта келгенде, дін  -  дәстүр таразысы. Салт-дәстүрлер заманына қарай өзгереді.  

«Саясат күнде өзгереді, ал дін - мәңгілік» қанша ғасырлар өтіп, қоғам өзгерсе де , діннің құндылығы сақталып, ұрпақтан- ұрпаққа өзгеріссіз ауысып отырады.

Б. Әшірбай,

Ынталы ауылы, «Төрекелді кәлпе» мешітінің имамы

Президент сайлауы: Кандидаттар 21 қазанда өз бағдарламаларын таныстырады
«Елім деп соққан жүрегі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу