Мұқтарбек Тұрысбекұлы. Ұлан болғым келеді
Тұсау түсер бір күні аяғына,
Тұлпар болғым келмейді, тұлпар болғым...
Жер сілкініп жатса да аяңынан,
Құлға айналған адамға баяғыдан.
Жер бетінен келмейді жырақ болғым,
Қыран болғым келмейді, қыран болғым...
Қырда қырғын салатын қансонарда,
Құсбегінің ермегі, құрал болғым.
Аса алмайтын адамның айласынан,
Арлан болғым келмейді, арлан болғым...
Аңшыдан жапа шегіп жапанында,
Жасырынып жан сақтар апанында.
Ұлан болғым келеді, ұлан болғым...
Желден жүйрік тұлпардан жылдам болғым.
Ұлан болғым келеді, ұлан болғым...
Қыран қалқып шыға алмас қиян болғым.
Ұлан болғым келеді ұлан болғым ...
Бөрілі байрақ ұстаған баяғыдан
Ұлы дала жұртына ұран болғым!!!
Адам болғым келеді адам болғым...
Жауға қатал жұртыма адал болғым!
Авторы: Мұқтарбек Тұрысбекұлы