Достықтың қасиеті (Достық туралы эссе)

Oinet.kz 10-09-2020 1925

Өмір.jpg

Досыңның, не танысыңның құпиясын сақтау парыз. Тіпті ол адам сені қатты ренжітсе де - арадағы құпияны сол күйі қалдыру қасиетті борышың. Өз дініңді осы деңгейде танып-білсең, ендеше досыңның ренжіткенін ешкімге тіс жарып айтпауды үйренесің. Нәпсіңді тыю үшін ораза ұстап, шөл далаға кетіп қалу, яки қылуетке түсу парыз емес... Достықты екі жанның рухани байланысы деп қабылдап, оны нәзік түйсікпен сезінген, достықтың көркемдігі мен даналығын ұғынған пенде өмірдің бүтіндігін өн бойынан өткізіп, толыққанды ғұмыр кешкені. Себебі, шынайы досы бар адам өзінің тірі екенін сезінеді. Сол арқылы бір күні Құдаймен байланысын орнатады. Өйткені, екі жанның арасында орнаған рухани көпір Құдайға бастар жолға айналады.

Дос - отбасы, жақындарымыздан да, көрші-қолаң, ұлт, нәсілден де артық боп кетеді. Достың құпиясын өз құпияңнан да артық сақта. Достың қателігін өз қателігіңді жасырғандай жасыр. Достың ары - сенің арың! Оның дұшпаны - сенің дұшпаның. Досыңның досы - сенің досың деп қабылда. Достықты мақтан етпейді. Дос болу үлкен борыш. Достықты мақтан еткендердікі көбіне жалған боп шығады. Досың сүрінсе, қасынан табыл. Досың кедей болса - міндетті түрде қолда. Досыңның кемшілігін байқамауға тырыс. Басына күн туса - көмек қолыңды соз.

Қуанышында бірге қуан.

Хазірет Инаят Хан

Аударған Шынар Әбілда

Мейірімді кептер
Мұқтарбек Тұрысбекұлы. Ұлан болғым келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу