Мені құшақташы
18-10-2022
Түркияда медбикенің түсірген фотосы. Оның айтуынша науқастанып түскен азаматтың, яғни оның қал-жағдайын білуге бірде-бір адам келмеген.
Ал, мына кептер үш күн бойы ашық терезеден кіріп отырған. Сөйтсе, әлгі науқас саябақта тұрақты түрде кептерлерге жем шашып жүрген екен. Осылайша адам емес кептер науқастың қал-жағдайын біліп отырған.
Айтайын дегенім, адамдарға қарағанда жан-жануарларда мейірім пайда бола бастағандай. Егерде қазірден бір-бірімізге мейіріміз төгіліп тұрмаса, онда жан-жануардан жаман болып кетуіміз әбден мүмкін.
Лайым мейірімді болайық, бүгін бар да ертең жоқпыз, ал сенің өмірің иттік жасаумен өтіп кеткеніне өкініп қалма!