Тәуелсіздік – ең басты игілік, баға жетпес құндылық

Oinet.kz 04-02-2021 3140

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.  Еліміздің тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған ұлы күнге бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, жас ұрпақтың білімінде жатыр. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. 

Тәуелсіздік туралы эссе.jpg

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халқымыздың бақыты. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылып, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітіліп, Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, экономикалық дамыған мемлекет құрып, демократиялық қоғам орнатып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттып, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. 

Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Тәуелсіздік– ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек. Яғни, 2021 – Тәуел¬сіздігіміздің торқалы то¬йын атап өтетін тарихи жыл болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!

М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан университеті, «Механика және мұнайгаз ісі» факультеті,

«Стандарттау және сертификаттау»  кафедрасының

магистр, аға оқытушылары: Отуншиева Айтолкын Еркиновна,

Тоқтабек Айжан Әлімбекқызы

Мұғалімнің интернеттегі әр жазбасы бақылауға алына ма?
Ағылшын тіліндегі ең әдемі 100 сөздер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу