Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Ресейдің Қола түбегіндегі әлемдегі ең терең Қола скважинасы 1980 жылдардың соңында белгісіз себептермен жабылды. Тіпті, оған бетон құйып, қатырып тастады. Алайда, оның құпиясы сол кезде айтылған жоқ. Ал, кейін скважинаның жабылуы жөнінде түрлі аңыз әңгіме тарады. Соның бірі Қола скважинасының "Тозаққа жол" атануы еді.
1970 жылдан басталған бұрғылау жұмыстары 1987 жылы шарықтау шегіне жетіп, геологтар 12 000 метр тереңдікке дейін жеткен. Олар 9000 метр тереңдіктен кейін ыстық температураға тап болды.
Ал, 12 262 метр тереңдікке жеткенде ғалымдар онда адамның айқайлағаны мен жылаған дыбыстарын естігендіктерін айтқан. Скважинаның 12 262 шақырымнан ары қарай қазылмауы да осыған байланысты.
Кейін мұнда геологтардың ыстыққа шыдамды микрафонды түсіру арқылы адам дыбысына ұқсас шыңғырған дыбыстарды шын мәнісінде жазып алғандығы жөнінде шет елдік ақпарат құралдарында жазылды. Алайда, ол туралы Ресей билігі нақты ештеңке айтпады.
Бір анығы, сол 1995 жылғы дыбыстар жазылып алынған пленкада жер астында сол сәтте өздігінен үлкен жарылыс болғандығы ресми түрде айтылады.
Ал, ол жарылыстың да неден болғандығы белгісіз. Бүгінде, Ресейдің Мурманск облысындағы Қола скважинасы толығымен консервіленіп тасталған.