Әр нәрсенің қайыры бар. Малшы туралы тәмсіл

Oinet.kz 10-09-2020 1021

Малшы.jpg

Бала-шағасын және Анасын, бір кісіге, мал бағып, жалданып, нәпәқа тауып, асырап жүрген пенде болған екен.

Өз жұмысын тиянақты әрі адал  атқарады. Оның бұл ісіне малдың иесі дән риза. Бір күні әлгі малшы жұмысқа келмей қалады.

Малдың иесі:

- Осы кісі менің берген айлығымды азсынып жүрме, - деп айлығын өсіреді. Айлығын алған кезде үстіне қосылған ақшаны үндеместен ала береді. Біраз уақыт өткенде тағы бір күн жұмысқа келмей қалады. Малдың иесі, ашуланып айлығын кемітіп тастайды. Айлық алған кезде ақшасы кемігеніне қарамастан үндемей ала береді. Мал иесі таңырқап мән-жайды сұраған.

Ол кісі, «Алғаш ақша қосқаныңызда дүниеге перзентім келді соның ризығы деп білдім. Кейін кеміткен кезіңізде Анам өмірден өткен еді, сол кісінің ризығы өзімен бірге кетті деп білдім», - деген екен.

Демек, айналамызда болып жатқан әрбір жайт тегін емес. Біз оған қарап ғибрат алуымыз керек. Әрі ол жайттар Алланың қалауынан тыс емес екенін де ұмытпаған жөн..


Әлемдегі ең терең Қола скважинасы
Жердегі азаншының дауысы он сегіз мың ғаламға естіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу