Олимпиаданың ең жас чемпионы

Oinet.kz 07-09-2020 819

Олимпиада чемпионы.jpg

1900 жылы Парижде өткен Олимпиада өз қызықтығымен есте қалады. Себебі, кездейсоқ чемпион атанған 10 жасар бала марапаттау сәтіне қатыспай, қашып кеткен.

Олимпиада деген атауы болса да, суда ескек есу жарысынан (1750 метр) 3 ғана команда ( 2 француз, 1 голландиялық) тіркеледі.

Сырттан келгеніне қарамастан, ішіндегі ең әлсізі голландиялықтар еді.

Жартылай финал басында бұл сөз шындыққа айналғандай көрінген. Бірақ алға ұзап кеткен  2 француз командасының бірі жарты жолда аударылып, жарыстан шығып қалады. Осылайша, голландиялықтар финалға өтеді.

Ал алтын біздің еншімізде деп, ерте бастан қуанған француздар финалда қандай тың техника қолданамыз дегендей қарсыластарын менсінбейді.

Бірақ финал басталар уақытта голландиялық команда (3 адам) қайықтағы 1 адамды(60 кг) көрермен ішіндегі 10 жасар (30 кг) балаға ауыстырады. Нәтижесінде голландиялықтар салмақ азайту арқылы күтпеген жеңіске қол жеткізген.

Ал жеңімпаз атанған 10  жасар бала суретке түскен соң, көпшіліктің ішіне кіріп, қарасын батырады. Франция мен Нидерланды елі балаға іздеу салғанымен, бүгінгі күнге дейін "ең жас" Олимпиада чемпионы кім екендігі белгісіз!

Қазақтарды құлдыққа сату процесі
5 ЖАСЫНДА МАРАФОН ҚАШЫҚТЫҒЫН ЖҮГІРГЕН!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу