5 ЖАСЫНДА МАРАФОН ҚАШЫҚТЫҒЫН ЖҮГІРГЕН!

Oinet.kz 07-09-2020 835

Жүгіру.jpg

2007 жылы Үндістанның 5 жастағы баласы Будхиа Сингх Пуриден Бхубанешвар (65 шақырым) қаласына дейін 7 сағат жүгіріп, Гиннесс рекордтар кітабына "ең жас марафоншы" ретінде тіркелген.

Ең алғаш оның ерекше қабілетін дзюдо жаттықтырушысы байқаған. Ол 3 жасар Будхиа Сингхты жазалау мақсатында жүгіруге бұйырып, өзі кетіп қалады. Арада 5 сағат (ұмытып кеткен) өтіп, келсе ол әлі тоқтамай жүгіріп жүрген. Дәрігердің тексерісінен кейін де оның бойынан ұзақ жүгірудің салдары байқалмаған.

Дәрігердің айтуынша 5 жасқа дейінгі бала аптасына 24 шақырымнан артық жүгіруге болмайды.

Ал ресми 42,5 шақырымды құрайтын марафон (New York City Marathon-1977) жарысын ең алғаш жүгірген - 8 жастағы американдық Пол Уэсли. Ол 3 сағат 31 секундта мәре сызығын қиған.

Олимпиаданың ең жас чемпионы
ЭВЕРЕСТТІ ОТТЕГІНІҢ КӨМЕГІНСІЗ БАҒЫНДЫРҒАН ЕҢ АЛҒАШҚЫ АЛЬПИНИСТ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу