Ақселеу Сейдімбек. ҚАЗАҚТАР ҰСТАНҒАН ТЫЙЫМДАР
Иә, біз модернистік қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Иә, біз жаңа заманның ұрпағымыз. қала берді, ұғымдар мен құндылықтар алмасқан тіршілік дағдысының перзентіміз. Бірақ, бұл тәрбие бастауынан қол үзу деген сөз бе? Кім айтты, кеше деген ескілік деп? Қазақы сана ендігі өміріміздің ұстыны бола алмайды деп, кім айтты? Бұл кезең – ұмыту кезеңі. Біз тамырымызда тулаған кейбір ақпараттарды ұмытып қалдық. Соның бірі тыйымдар. Ауызекі жасалған бұл мәдени жаңғырық сан жылдар бойы бір халықты сақтап келді. Бұдан кейін де сақтай алмақ.
Белгілі этнограф – ғалым Ақселеу Сейдімбек қазақтың дәстүрлі тыйымдарын үш түрлі етіп бір ізге келтірген екен. Яғни, адамға, қоғамға және табиғатқа қатысты тыйымдар…
Бесікті теппе.
Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе.
Беті – қолыңды жуынбай тұрып, малды өріске шығаруға
болмайды.
Босағаға сүйенбе.
Босағаны керме.
Бос бесікті тербетпе.
Бөтен үйге түнде сәлем беріп кірме («Кеш жарық» деу
керек).
Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
Біреуге тесіліп қарама.
Бір қолмен нан үзбе.
Бір қолыңмен су құйма.
«Біссіміллә» демей ас татпа.
***
Дастарханды аттама.
Дастарханды пышақпен қырма.
Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма.
Дос – жаран, құда – жекжаттан ит алма, ит берме.
Дүние қума.
***
Екі кісінің арасынан өтпе.
Елсіз жерде жалғыз ұйықтама.
Елшіге тиіспе.
Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар.
Ер – тоқымды аударып қойма.
Ер – тоқымды теріс салма.
Ер адамды әйел түртіп оятпас болар.
Ескі дауды еске алма.
Ескі моншаға кірме.
Есікті қатты серіппе («Қайтып кірер есікті қатты серіппе»
деген).
Есікті теппе.
***
Жайдақ атқа мінбе.
Жайдақ ерге мінбе.
Жақсының жасын сұрама.
Жақсыны әжуалама.
Жақсы аттың жағын ашпа.
Жақсы істі қызғанба. Жақыныңа міндетси берме.
Жалғыз тал шимен ұрма (жалғыз қаласың).
Жаңа байығаннан қарыз алма.
Жаңа түскен келіншек алғашқы перзентін көргенше іш киімін
қысқартуға болмайды.
Жаңа үйленгенмен қоңсы қонба.
Жаралы басқа жұғыспа.
Жастыққа отырма.
Жасы үлкенге әзіл айтпа.
Жас баланы ұрма.
Жас босанған әйел үйге кірген итке «кет!» демейді (тісі түсіп
қалады).
Жас келін түскен үйіндегі жақындарының атын атамас
болар.
Жас малдың мүйізін сипама (қисық болып өседі).
Жас малдың тісін санама.
Жас төлді сипай берме (өспей қалады).
Жатарда көп тамақ ішпе.
Жатқанда аяғыңды құбылаға берме.
Жатқан кісінің үстінен аттама.
Жатқан малдың үстінен аттама (омыртқасы сынады немесе
қасқыр жейді).
Жатып тамақ ішпе.
Жаяу қамшыланба.
Жеңіл ақылмен дос, жолдас болма.
Жер таянба.
Жер таянып отырып ас ішпе.
Жетім – жесірге тиіспе.
Жозыға мінбе.
Жозының қасында тырнақ алма.
Жүйрік атқа әйел адам мінбес болар.
Жүріп келе жатып тамақ ішпе.
Жыңғылмен ат айдама.
Жіптің астынан өтпе.
Жіпті мойныңа салма.
Қабірді баспа.
Қазан ернеуін босағаға қарай қисайтып аспа (несібең сыртқа
төгіледі).
Қайшыны көк шөпке тастама.
Қаралы елге тиіспе.
Қара, қызыл, ақ түсті шүберекті үй үстіне жайма (қаралы
тудың белгісі).
Қарт адамның алдын кеспе.
Қаруды адамға кеземе.
Қатты сөйлеме.
Қатынға қатты сенбе.
Қатын мен балаға сыр айтпа.
Қисынсыз сөз айтпа.
Қой қырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда қол жалғап
берме (қайшыны жүнге орап, «мұны мен емес, жер берді»
деп, жерге қояды).
Қолыңды артыңа айқастырып жүрме.
Қол жумай жозы қасына отырма.
Қонағыңа ашуланба.
Қонағыңды жұмсама.
Қонақтың алдын орама.
Қораға дәрет сындырма.
Қотанда ысқырма.
Құбылаға қарап дәрет сындырма.
«Құранды» жерге тастама.
Құран оқығанда жалаң бас отырма.
Құран оқығанда түрегеп тұрма.
Қызға ер баланы тебуге болмайды.
Қыз баланы босағаға отырғызба.
***
Кәрі жілікті әйел балаға ұсынба.
Кешкі асты бақпа.
Кеште тырнағыңды алма.
Киімді желбегей жамылма.
Көгенді аттама.
Көптен дараланба.
Көп ішінде жалғыз тамақтанба.
Көрпенің ірге жағын тұйықтап жатпа.
Көрпені теріс салма (яғни, көрпенің тұйық жағын босағаға
қаратып салуға болмайды).
Көршіңе жамандық ойлама.
Күйеуіңнен бұрын жатпа.
Күйеуіңнің ірге жағына жатпа.
Күні түскенге кісәпір болма.
Күректің сабын аттама.
Кірдің суын баспа.
Кірдің суын есік көзіне төкпе.
Кісіге қарап бала емізбе.
Кісіге қарап есінеме.
Кісіге қарап орынсыз күлме.
Кісіге пышақ сұқтама.
Кісіні айналма.
Кісі келгенде тамақ сұрама.
Кісі келгенде үй сыпырма.
Кісі көзінше керілме.
Майлы тамақтан соң салқын су ішпе.
Малға баскиім лақтырма.
Малға зекіме.
Малға қант, тұз ұсынып шақырма.
Малға теріс қарап мінбе.
Малға теріс мінбе.
Малдың алғашқы сауымынан алынған майды асқа қолданба
(босағаны, табалдырықты, киіздің етегін майла).
Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
Малдың бітіміне, сүттілігіне сұқтанба.
Малды бөтен адамға саудыртпа.
Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен айдама.
Малды сауарда балтаны ағашқа шанышпайды.
Малды сауған соң қол жумай тұрып, қол беріп амандасуға
болмайды.
Малшыдан «Не бағып жүрсің?», «Не сауып жүрсің?» деп
сұрама.
Мал қоршауына шықпа.
Мал сауатын ыдысты төңкеріп ұстама.
Мал сауып жатқанда иесімен сөйлесіп, сауынның жанына
келуге болмайды.
Мал төлдеп жатқанда қарызға ештеңе берме.
Маңдайшаға төбеңді тіреме.
Mac қылатын ішімдік ішпе.
Мойынға белбеу салма.
Молаға қарай жүгірме.
Молаға қарап дәрет ұсатпа.
***
Моланы саусағыңмен көрсетпе.
Мүгедек адамды мазақтама.
Мүрдеге топырақ салғанда күректі екінші адамға қолмен
берме.
Мүрдеге топырақ салғанда күректі табаныңмен баспа.
***
Намазды бөлме.
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.
Нанды лақтырма.
Нанмен ойнама.
Нанның ұнтағын тастама.
***
Ойланбай сөйлеме.
Ойланбай іс бастама.
Орынсыз кінә қойма.
Оттықты жақпа.
Өзгенің алдындағы асқа сұғынба.
Өзіңде жоққа мақтанба.
Өзіңе ұнамағанды өзгеге теліме.
Өз басыңа лайық емес сөз айтпа.
Өлген кісіні жамандама.
Өліктің дене топырағын сәндеме.
Өлімге бата жасап қайтқанда басқа үйге кірме.
Өлім бар да қаза бар екенін ұмытпа.
Өсек тасыма.
Өтірік айтпа.
***
Пышақпен ойнама.
Пышақтың жүзін жалама.
Пышақтың жүзін жоғары қаратып тастама.
Пышақты нанға қадама.
***
Сүйекті отқа салма.
Сүттің бетін ашық қалдырма.
Сүтті үрлеп ішпе.
Сүт сауатын шелекті су басына апарма.
Сыйлаған немесе сатқан малды еске алып қайғырма.
Сыйлаған немесе сатқан малды жүген, ноқтасымен
жіберме.
Сыпырғышпен ұрма.
Сырыңды көрінгенге шашпа.
Табалдырықтың сыртында тұрып сөйлеспе. Табалдырықты
баспа.
Тәкаппар болма.
Тамаққа қос қолмен сұғынба.
Тамақ ішіп отырған кісіге тесіле қарама.
Тамақ ішіп отырып тұрып кетпе.
Таңғы асты тастама.
Таяққа сүйенбе.
Тоқымды төсенбе.
Төрге қарап жүреңнен отырма.
Төсекте жылама.
Тұзды баспа.
Тұмса малдың алғашқы сауған сүтін бөтенге берме. Тұмса
малды алғаш сауған соң «Сүтті екен» деп мақтама.
Түнде айнаға қарама.
Түнде бақырып жылама.
Түнде жалғыз суға түспе.
Түнде кір жайма.
Түнде сандық ашпа (шығын болады, сандық ашу керек болса,
«жылан кіріп кетті» деп ашады).
Түнде суға баруға болмайды (әсіресе әйел адамға).
Түнде түсіңді айтпа.
Түнде шаш алма.
Түрегеп тұрып дәрет ұсатпа.
Түсіңді аузы бейпіл адамға жорытпа.
Тымақ үстінен тымақ киме.
***
Уыздан соң іле суық су ішпе.
Ұрлық жасама.
Үйге қарай жүгірме.
Үйге сыртыңмен кірме.
Үйде өлік жатқанда от жақпа.
Үйде ысқырма.
Үйді айналма.
Үйіңе келсе, үйдей дауыңды айтпа («Алдыңа келсе, атаңның
құнын кеш» деген).
Үлкенге қарсы келме.
Үлкенге «Сен» деме.
Үлкеннен бұрын билік айтпа.
Үлкеннен бұрын төрге шықпа.
Үлкеннің сөзін бөлме.
Үлкен кісіге сыртыңды берме.
Үлкен кісіден бұрын дәмге қол созба. Үлкен кісінің жолын
кесіп өтпе.
***
Шақырғаннан қалма («Шақырғанға бармасаң, шақырғанға
зар боларсың» деген).
Шақырмаса барма.
Шамды үрлеп өшірме.
Шаңыраққа сәлем бермей кірме.
Шарап ішпе.
Шашты баспа.
Шашты далаға тастама.
Шәйнектің шүмегін төмен қаратпа.
Шошқа етін жеме.
Шылым шекпе.
Шырақты үрлеме (ұмытшақ боласың).
Ыстық тамақты қомағайланып ішпе.
«Ақ желкен» журналы