Ерболат Құдайберген жайлы видеоға қатысты менеджері пікір білдірді

Oinet.kz 12-02-2026

Әлеуметтік желілерде әнші Ерболат Құдайбергеновтің полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, наркологиялық орталыққа жеткізілгені туралы таралған видеоға қатысты менеджері пікір білдірді.

image.png

Бұған дейін де желіде куәгерлердің айтуынша, өнерпазға сырттай ұқсайтын азаматтың «закладка» іздеп жүргені туралы видеолар жарияланған болатын. Алайда кадрдағы адамның нақты кім екені және оқиғаның мән-жайы бойынша құзырлы органдардан ресми ақпарат берілген жоқ.

Менеджер Айдана Ахметбек бұл ақапарттың жалған екенін жеткізді. Айтуынша ол Ерболаттың ата-анасына хабарласып, мән-жайды сұраған және отбасы мүшелері бұл ақпаратты растамаған. Менеджер "әзірге бұл видеоны кім тартқанын білмей отырмыз. Анықталған жағдайда шара қолданамыз" деді. 

Айта кетейік, желіде тараған видеоға қатысы әншінің қарындасы Салтанат Құдайберген де пікір білдіріп, "әркім өз жұмысымен айналысу керектігін, ал ағасының шығармашылық жұмыспен айналысып жүргенін" айтқан еді. 

Балғынбек Имашев пәтер жағалап жүр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу