Жұрт «жәннатқа жолдама» сатқан коучтың тірлігін тексеруді өтінді

Oinet.kz 11-02-2026

Отбасылық коуч, блогер Жанаділ Райымбеков әлеуметтік желіде кез келген адам 7000 АҚШ долларын төлеп, «жәннатқа жолдама» ала алатынын айтты. Коучтың бұл сөзі жұртқа жақпай қалды, деп жазады Оinet.kz.

image.png

 Желі қолданушылары біріншіден, діни ұғымдарды қаржылық ұсыныспен байланыстыру орынсыз екенін жазса, екіншіден, жиналған қаражаттың заңдылығын тексеру қажет екенін айтты. Олар бұл мәселеге Қаржылық мониторинг агенттігі назар аударуы тиіс деген пікір білдіруде.

  Айта кетейік, Жанаділ Райымбековтің бұған дейін жыныстық жолмен берілетін инфекциялар тек әйелдер арқылы таралады деген пікірі де дауға ұласқан болатын. Сондай-ақ блогердің қатысуымен Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен кездесулер өткені белгілі болды.

Рамзан Қадыров ұлы Адаммен бірге кешкі ас ішкен видео жариялады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу