Арабқұлдар мен орысқұлдар
Қоғамдық көлікпен келе жатқан бір кісі байқамай жел шығарып қояды. Көпшіліктен қысылған әлгі кісі дереу саусағын сулап көліктің терезесін ысқылай қояды. "Тырқылдаған дыбыс осыдан шықты" дегісі келген болар. Мұны байқап тұрған бір қулау жігіт: "Көке, дыбысын келтіруін келтірдіңіз - ау. Бірақ иісін қайтпексіз" деген екен.
"Жаны бардың желі бар" деген. Қысылған көкемнің тірлігінде әбестік жоқ. Менің айтпағым қазақы қасиеттен безіп, батысқа қарап басы қатып жүргендер. Арабқұлдар мен Орысқұлдар...
Сасқан көкемнің әрекетін жасап өзге ұлтқа өзіңді ұқсаттың делік. Тілін үйрен, киімін ки, салтын ұстан, қылығын жаса. Бірақ қу жігіт айтқандай басқасын ұқсатқанмен түріңді қайтпексің, тілгілеп тастайсыңба? Бойыңдағы қаныңды қайтпексің, ағызып тастайсыңба? Мың жерден тыраштансаңда Қазақ болып туылдың екен, Қазақ болып өлесің. Ешқашан қалаған ұлтыңа толыққанды өте алмайсың. Керсінше, жарым ұлттқа айналып жазаңды аласың. Өйткені Жартушының жазғанына ешкімде қарсы тұра алмақ емес. Ойлан, батыстан бақ іздеген, жас Қазақ
Айдар Темірбекұлы