Айдар Темірбекұлы. Мәскеуді жаулап алуға аттанған Ахмет хан
1480 ж. Мәскеуді жаулап алуға Үлкен Орда xаны Аxмет жорыққа аттанады. Ханның келе жатқанын естіген III Иван қайда қашарын білмеді. Себебі, 250 жыл бойы орыс княздерінде Алтын Ордаға сөзсіз бағыну, құлдық псиxология қалыптасып қалған еді...
"ҰЛЫ ДАЛА МЕМЛЕКЕТТЕРІ" кітабында осындай тарихи деректер келтірілген екен. Қытайлардың салық ретінде жіберетін жібектерімен қытай қорғанын тұрғызу себебіде белгілі. Әлем тарихында, "Алғашқы отты қарулар пайда болғанша, жер бетінде Көшпенділерге тең келетін күш болмады" деп, анық жазылған.
Ал, біз Ресей империясына 1847 жыл бағынып, 1991 жыл тәуелсіздік алыппыз. бар жоғы 144 жыл ғана.
"Алма кезек дүние-ай!" десеңші. Өз дәуірінің еркесі болған билеуші мемілекеттерден бүгінге дейін тізгін ұстап тұрған бірі жоқ. Мызғымастай көрінген кеңес үкүметі де 70 жылға жетпей тарыдай шашылды. Ең ұзақ жасады деген Осыман империясыныңда бүгінгі тарихта таңбалы ізі ғана қалды.
Осындай тарихи дәлелдермен дәуірлер алмасып тұратынын ескеріп, Қазақ елі болашаққа үмітпен қарауға әбден болады. Жылдар өте "жылт" еткен үміт сәулесі бізге де көрініп қалар. Біздің арғы-бергі тарихымызда біз ұялатындай ештеме жоқ. Бізде тарих сахынасында билеуші ел ретінде көрінген елміз. "Болмаймыз" деп бордай езіліп, күдер үзе күйіне бергеннен түкте шықпайды. "Сөзсіз бағыну, құлдық психологиясынан" айғып, жан-жағымызға жасқанбай қарайтын уақыт жетті. Жігерің жасымасын, рухты елім, Қазағым!
Айдар Темірбекұлы