Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Жөнімен кетіп бара жатқан кірпіні көрген қасқыр жеп қоймаққа ұмтылады. Кірпінің инедей үшкір тікендері қадалып аузы қанаған қасқыр сасқалақтап:
--Кірпі бауырым -ау, бетіңнен сүйейін десем аузым қанады. Кішкене қырынып жүрсең қайтеді? депті. Сонда кірпі айтқан екен:
--Қасеке, сендер ақсиған азу тістеріңді көрсетпей жүрсеңдер бізде қырынып жүреміз ғой -деп.
Сол айтқандай, жемқорлардың азу тісі қағылса елдің шулап несі бар. Жеуді қоймасаңдар халықтан еститіндерің ащы мысқылға толы кірпінің тікеніндей уытты сөздер болмақ. Елдің алғысын алып, бетінен сүйгілерің келсе қасқырдай қарпи асауды қойыңдар, құрметті әкім-қаралар.
Айдар Темірбекұлы