Қыран бүркіт немесе кісі еңбегін жейтін, көшіріп алатындар туралы

Oinet.kz 05-09-2020 783

қыран бүркіт.jpg

Қыран Бүркіт көздеген аңын айнала ұшып жүріп ақыры алып тынады. Еңбекпен жеткен жемтігін өткір тырнақтарымен бүре түсіп асықпай жеуге кіріседі. Осы сәтті аңдып жүріп, жемтіктен дәметкен  Қарға: "Бәке, сіз болып, біз болып жүріп ақыры алдық -ау, ә" -деген екен)

Сол айтқандай интернет әлемінде авторсыз шығармалар қаптап кетті. "Менікі" деп меншіктеп кісі еңбегін пайдаланатындар қаншама. Оқып отырып авторға жаның ашиды. Жанын қажап жазған еңбегін көріп іші ашып кететін болар. Жақында Мехнат Теміртасқызының бір өлеңін көріп қалдым. Бұл Мехнаттың еңбегі десем үн қатпайды. Ал, "Жақсы жазыпсың" дегендерге "Рахымет, Рахымет" деп қояды да.

Көшіріп басатындар ойланса дегенім ғой. "Судыңда сұрауы бар" "Дайын асқа тік қасық" жақсы қасиет емес. Ар, ұяттан аттамайық ағайын!

Айдар Темірбекұлы

Кірпі және әкім
Қазақстанды кімдер басқарды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу