«Сондаймын, мамамның баласымын мен» - Қыран Талапбек (видео)
Танымал видеоблогер Қыран Талапбек Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқаннан соң өзін «мамасының баласы» деп кінәлағандарға өз жауабын берді. Бұл туралы ол «Bokey Vlog» ютуб каналына берген сұхбаты барысында айтты.
- Ол жерде Қыран ажырасқан, мамасының соңынан кеткен деген сөз ғой негізі. Екі түрлі позиция ұстауға болатын еді. Біріншісі, жоқ ол олай емес деген ақталу бар. Екіншісі, иә ол солай деген. Менікі хотя ол олай емес, өйткені, жаңа көрдің ғой мама айтып жатыр шәй ішкен кезде, Қыранды анда санда көреміз деп. Соңғы екі аптада үйге келіп енді шәй ішіп отырмын. Мамамды көп көрмеймін. Үйдегілермен қарым-қатынасым тамаша, бірақ мамасының юбкасының астына тығылған бала емеспін. Негізі ондай емес. Бірақ, менің позициям ақталғанша, иә сондаймын деген оңай болды. Сондай мамасының баласымын мен. Ешкім аспаннан аяғы салбырап түскен жоқ қой. Анамды құрметтегеннен жаман болсам мен-ақ жаман болайын дедім - деді Қыран Талапбек.