Қазақстанды кімдер басқарды?

Oinet.kz 05-09-2020 1184

Көбелек.jpg

"Көбелек келіп, күмп етті. Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп, жалп етті. Жартысын ішіп ол кетті.

Сауысқан ке­ліп, саңқ етті. Сар­қып ішіп ол кетті. Жездекем келіп еді, қаспағын қырып бер­дім" дегенді естіген боларсыздар.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері үкімет басына кімдер келмеді десеңші. Украйнда болды, Қазақта, Ұйғырда болды. Қайсынан қайыр көрді бұл қазақ. "Елім" деп бірдеме істегісі келсе де алдыңғыдан аса алмайды. Биде емес, бишіде емес биліктің қолындағы бишік болды. Қақпақсыз қалған қазаннан қаймағын қалқып ішіп, қазаншының айналасына топтаса берді. Бұл күнде, қаспағы ғана қалған қазанныңда қызығы кетті. Билікпен халық аңдысқан дәл қазіргі уақытта үкімет басына келуге ешкімде құмбыл бола қоймас. Қазаншының қаһарынан қорқып бос орындар толыққанмен ештеме өзгермейді. Артқы аяқтың алдыңғы аяқтан озғанын қайдан көріп едік.

Дегенмен, жаңа билікке келушілерді елдің жағына шығуға шақырамын. Жапырағы сиреген кәрі бәйтерек енді ешкімге пана болмайды. Алтынмен қапталған тақтан да қайыр жоқ екенін түсінетін уақыт жетті. Шын асыл қазына ел ішінде. Ел үшін еңбек етсең мәңгі жасайсың. Тіпті, жылдар өткен сайын жаңғырып тұлғаң даралана түседі. Міне, нағыз атақ-даңқ дегеніміз осы. Осындайда данышпан Абайдың мына бір сөзі еске түседі: "Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың"

Айдар Темірбекұлы

Қыран бүркіт немесе кісі еңбегін жейтін, көшіріп алатындар туралы
Хан мен уәзір. Немесе қазақ іші өтсе де неге биліктен көреді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу