Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Ертеректе ел билеген бір ханға уәзірі келіп:
--Хан ием, ел ішіндегі майда-шүйде тірлікке араласа бермеңіз. Өзіңізді ханға лайықты ұстап тағыңызда отырыңыз. Қалғанын біз істейміз -депті. Сонда хан тұрып:
--Мен осы елдің ханымын. Халқымның қорасындағы қойы өлседе мен жауаптымын. Халық сеннен емес ханнан сұрайды деген екен. Не деген жауап кершілік десеңші
"Қазақ іші өтседе биліктен көреді. Жалқау. Тура мына заман аштан өлетін заман емес" дейтіндерге айтқаным ғой. Халыққа биліктің не үшін керек екенінде ұмытып барады ау, осы жұрт.
Біріншіден, ел арасында әлеуметтік теңдіктің сақталуын қатты қадағалау керек. Екіншіден, Қазақтың өз жері өзіне тегін берілуі керек. Құрқылтайдың ұясындай болса да, өз үйі бомаған ел өспейді. Үш баладан көп туған аналарды мемілекет толығымен өз қамқорлығына алуы тиіс. Кеткен қаржыны билік қалтасынан төлемейді. Олда салықтан түскен елдің қазынасы. Осылай болғанда ғана бүгінгідей қайғылы жағдайдың алдын аламыз. Дәл қазіргі уақытта Қазақ билігі, айтқанның аузын жауып, "елім" дегенді түрмеге тоғытатын жазалаушы топқа айналып бара жатқандай көрінеді. Мұның бәрі халықпен биліктің арасы тым алшақтап кеткенін көрсетіп отыр.
Айдар Темірбекұлы