Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
2001 жыл, 11 ші қыркүйек. АҚШ-тағы дүние жүзі сауда орталығының егіз ғимаратының тас талқаны шықты. Небәрі 3 сағат ішінде егіз ғимараттар жерге сүңгіп кетті. Не деген сұмдық дайындық... Осыдан 19 жыл бұрын ресейлік арнада кино көріп жатқанда, бірден үзіліп кетіп, орнына Екатерина Андреева сөйлей бастады. Сол кезде 14 жаста екенмін. Түн кезі еді. Ал АҚШ та күндіз болатын. Эфир бірден қосылды. Мұнысы қалай деп таң қалып отырдық. Бір кезде алып ұшақтар келіп Нью-Иорктің алып егіз ғимаратының қақ маңдайынан беріп қалды. От пен қара түтін будақтап, бұрқ ете қалды. Кәдімгідей соғыс басталған сияқты күйде отырдық. Осы аласапыранда 3 сағат ішінде 2900 дей адам о дүниеге аттанып кетті. Сұмдық көрініс есімде сол бойы қалған.
Кейіннен АҚШ Ауғанстанға, Иракқа баса көктеп кіріп, агрессиялық басқыншылық соғысын бастап кетті.