Қытай қалай дамыды?

Oinet.kz 02-01-2020 1036

Қытай.jpg

Қытайдың «Жасанды интелтектті технологиянының бесінші буынын» дамыту бағдарламасы

Қытай өзінің ұлттық экономикасының әлеуетін арттыру мақсатында жасанды интеллект технологиясын қарыштатып датыму бойынша 2030 жылға дейін АҚШ-пен бәсекелесіп, жаңа технологиялық, экономикалық, әлемдік нарықты жаулап аламыз деп жоспарлап жатыр. Осы мақсатта әдемдегі басты драйвер біз боламыз деп талпынуда. Дәл қазіргі уақытта Қытай бұл салада АҚШ-тан кейінгі әлемнің екінші елі болып отыр.

Қытай дәл қазір осы салаға жоғары мөлшерде мемлекеттік инвестицияны салуды бастады. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиясын бірте-бірте ұлттық қорғаныс күштеріне де енгізбек. Бұл 21-ші ғасырдағы адамсыз соғыста өте тиімді ресурс.

Қытайдың алға қойған жоспары қандай?

АҚШ Қытайдың ең жанды жері ІТ және жасанды интеллектті технология екенін біліп, экономикалық сауда соғысында жан-алқымынан алып, өзінің өндірістерін көшіріп алып кеткеннен кейін, Қытай өзі дербес ІТ технологиясы мен жасанды интеллектті технологияны дамытуға баса көңіл бөлуге кірісті.

Қытай жасанды интеллектті технологияларды шығаруды 2010 жылы бастады. Ал, 2006 жылы мемлекет жасанды интеттектті технологияны 2020 жылға дейінгі дамытуды қолға алу туралы арнайы заң шығарған. Жасанды интеллектті жұмыс жасаушы, соғысушы роботтар мен сенсорлық технология саласына сол кездің өзінде 300 миллиард АҚШ доллары бөлінген. Бұлар жаңа телекаммуникация жүйесі мен 5-ші буынды ақылды роботтарды да дүниеге келтірмек. Бұл құрылғылар дифференциалды, интегралды, алгоритмді жолмен жұмыс жасай береді. Мұны Қытайдың жасанды технологиясының даму приоритеті деп атауға да болады. Осы даму жүйесі арқылы мемлекеттік ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларды да іске асырамыз деп жатыр. Құжатта жасанды интеллектті технология біздің әлемдік бәсекедегі драйверміз әлі ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі болады деп көрсетілген.

Қазіргі кезде Қытайдың осы салаға салған инвестиция көлемі 22,5 миллиард АҚШ долларына теңесті. 2025 жылы бұл саланың фундаментальді негізін қалау жолында елдегі басты көшбасшы өндірістік сала болады деп тағы да 60 миллиард АҚШ долларын бөліп отыр. 2030 жылға дейінгі Қытайдың бұл салаға бөлетін қаражаты 1,5 триллион долларға жетеді деп болжануда. Бұл өте ауқымды мемлекеттік стратегиялық жоспар.

Қытай держва ретінде алдына ауқымды жоспарлар қойып отыр. Бұл жоспарларды іске асыруды «Өндіріс және информатизация» министрлігіне артып отыр. Бұл технологиялардың жұмыс функциялары былай болмақ:

1. Жасанды инлеттектті технологиялар күшімен автомобильдерді интернет арқылы жүргізу, ұшқышсыз ұшу аппараттарын тұтас бақылау жұмыстары үшін іске қосу;

2. Роботтарды интернет желілері арқылы жұмысқа кірістіру мен нейросеттерді іске қосу, медициналық жұмыстардың әлеуетін арттыру.

3. Жасанды интеллектті технологиялар көмегімен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен әлемдік нарықтағы бәсекені арттыру.

4. ЖИТ арқылы Қытайдың алып корпорациялары мен компанияларының жұмысының интенсивтілігін арттыру (Мысалы, Baidu, Alibaba сияқты корпорациялардың).

5. Жасанды интеллектті технологиялардың көмегімен Қытай Халықтық армиясының күш-қуатын әлемдік аренаға шығару.

6. Интегралдық азаматтық әрі әскери әлеуетті арттыру, т.с.с. жалғаса береді.

Қытайдың «Ғылым және технология» министрлігі мұнымен параллель үлкен масштабтағы 13 алып проектіні дайындап жатыр. Оған да мемлекет тарапынан миллиардтаған қаражат инвестициялар салу қарастырылған. Мұның астарында атап өткендей, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік пен технология саласындағы әлемдік бәсеке жатыр.

Бұл материалдарды шығарып отырудың басты себебі - Қытайды мықты екен, бізде түк жоқ деген мақсат емес. Біздің де ғылыми-технологиялық әлеуетімізді арттыруда мүмкіндігіміз мол екенін айта кеткім келіп отыр. Бізде дарынды, заманауи білімді жастар өте көп. Олардың потенциалы өз орындарына жұмсалмай, текке кетіп жатыр. Мысалы, кезінде Токиода әлем бойынша математикадан жеңіске жетіп, «Алтын бала» деген атақ алған, Google-де жұмыс жасайтын, «әлемдегі ең әйгілі оқушы» Гиннестің рекордтар кітабына енген Қуат Есенов, Google корпорациясының  Нью-Йорктегі филиалында жұмыс жасайтын, корпорацияны бағдарламамен қамтамасыз етуші дарынды менеджер маман Ғалымжан Өтеулин сияқты өте дарынды жастардың ғылыми потенциалын пайдалансақ, оларға Жәкішев сияқты азаматтарды жетекші етсек, біз әрбір дамыған елдердің жетістіктеріне тамсанудың орнына, өзімізді дараларды мақтан тұтып отыратын боламыз. Бізге сол күндер де алыс емес сияқты. Себебі, қазір жастардың заманауи санасы өзгере бастады.

Әсіресе кейінгі буынның ішінде дарынды жастар көптеп кездеседі. Кейбір азаматтар айтып жүргендей, біз технология саласынан кешіктік, енді бола қоймас дейді. Мен бұл сөзге келіспеймін. Әлем қазір мобильді түрде технологиямен басқарылып жатыр. Бұл үрдіске біздің ғылыми потенциалы мол жастар да тартылуы керек. Оның уақыты жетті. Солардың потенциалын тарту арқылы ғана біз өркениеттің көшімен жүре аламыз. Біз бәріне үлгереміз.

21 ғасыр ақыл мен ойдың ғасыры.

Бекболат Қаржан

Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
2001 жыл, 11 ші қыркүйек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу