Махаббат туралы өлең. Жаным
Көп қарадым суретіңе
Көктем келер гүлін алып
Жаз да келер жырын алып
Жан көктемі қашан келер
Махаббаттың нұрын алып
Бір хатыңда келем деп ең
Жолға қарап елеңдеп ем
Сағындым ғой өзің келші
Хат жазғанша өлеңменен
Күндер өтті талай-талай
Аялдамай қарайламай
Өзің берген суретіңе
Көзім талды қарай-қарай