Болатбек Баймаханов: «Сақтандыру жүйесі медицинаның дамуына септігін тигізеді»

Oinet.kz 10-12-2017 752

Халықтың көбеюіне, өмір сүру мерзімінің ұлғаюына және инфекциялық емес аурулардың көюбеюіне байланысты медицинаға қойылатын талаптар күшейтіліп отыр. Бүгінде жүрек-қан тамырлары, онкология, қант аурулары секілді күрделі ауру түрлерін емдеу үшін жаңа технологиялар, заманауи тәсілдер қажет. Кардиохирургия, трансплантология, онкология – бұл салалардың барлығына тиісті қаражат керек. Қаржының  бір көзі ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесі жұмыс істемек.  

Screenshot_1.jpg

Жаңа жүйенің басты мақсаты - әр адамның өз денсаулығына қатысты жауапкершілігін арттыру. Қорға өзінің жұмыс істейтін мекемесы арқылы немесе жеке өзі жарна төлейтіндіктен, өз денсаулығы үшін жауапкершілігін сезінеді.  Бұл бүкіл әлемде бар тәжірибе. Таза мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі бүгінде бірді-екілі мемлекетте ғана сақталған. Қалған елдердің барлығында сақтандыру жүйесі немесе аралас модель қолданылуда. Бізде аралас модель енгізіліп отыр. Ешқандай қорқыныш болмауы тиіс, өйткені бастапқы кезеңде мемлекет көп жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Жеңілдік беріліп отырған 14 санаттағы жүкті әйелдер, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, зейнеткерлер, мүгедектер, бала күтімімен үйде отырған тұлғалар, студенттер, балалар, барлығы 10 миллионға жуық азаматтың жарнасын мемлекеттік бюджет төлеп отырады.  

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бәсекелестіктің де дамуына әсер етеді. Бұрын мемлекеттік тапсырысқа тек мемлекеттік ұйымдар қатысып келсе,  қазір көп жағдайда жеке медициналық ұйымдар да өз үлесін кеңейтуде. Халыққа жақсы қызмет көрсетіп отырған мекемеге қатысты жақсы пікір қалыптасып, нәтижесінде оның пациенттері де көбейеді. Біраздан бері медициналық ұйымдарды жекешелендіру мәселесі де қозғалып келеді. Осының барлығын ескерсек, отандық денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестік міндетті түрде күшейеді, демек, жалпы медицинаның да деңгейі жоғарылайды деп ойлаймын. 

Болатбек Баймаханов, 

А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы

Каспий теңізі – мүдделер шайқасы алаңына айналып барады
Құралбай Құрақбайұлы: «Көппен көтерген жүк жеңіл»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу