Трамп: Иранмен соғыс жоспардан ерте аяқталуға жақын
АҚШ президенті Donald Trump Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығыс жақын арада аяқталуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол CBS телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

Трамптың айтуынша, әскери операциялар бастапқы жоспардан жылдамырақ жүріп жатыр. Бұған дейін Ақ Үй соғыс бір айдан астам уақытқа созылуы мүмкін деп болжаған еді.
Сұхбат барысында ол Иранның әскери әлеуеті айтарлықтай әлсірегенін айтып, елдің флоты, байланыс жүйесі және әскери-әуе күштері іс жүзінде жоқ екенін, ал зымыран қоры да аз қалғанын мәлімдеді.
Соған қарамастан, Иран тарапы зымыран шабуылдарын күшейтіп, олардың қуатын арттыруға тырысып жатқаны айтылды.
Айта кетейік, 28 ақпанда басталған әскери операция кезінде АҚШ алғаш рет бірнеше жаңа қару түрін қолданған. Сонымен қатар АҚШ пен Израиль тарапынан Иран аумағындағы мыңдаған азаматтық нысанға соққы жасалғаны хабарланған.
Осы жағдайлар аясында Иранда саяси өзгерістер де орын алды. Елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін билікті беру процесі басталып, 8 наурызда сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшыны таңдағанын жариялады.


