Қаланың күретамырына айналған базар
Тарихы терең Түркістан шаһарында Ясауи кесенесі, шығыс моншасынан бөлек тарихи нысандар жетерлік. Солардың бірі қаланың сан ғасырлық ғұмырына куә болып келе жатқан, шаһардың күретамырына айналған «Қуаныш» базары. Аталған базар бұрын да, қазір де қаланың экономикасын көтеріп отыр. Облыс орталығы мәртебесін иемденгеннен кейін қаланың басты, үлкен базары да заманауи кейіпке еніп, реттелді. Қазір орталық базар қала тұрғындарының ғана емес сонымен қатар туристердің де жиі аяқ басатын орнына айналған. Мұнда қаншама инвестор, қаншама кәсіпкер және қарапайым халық бар.
Мұрағаттық құжаттар көрсеткендей талай жан нәпақасын тауып отырған базар 1961 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Қазіргі таңда бұл базар қаланың экономикасының дамуына, сауда-саттықтың өркендеуіне мол үлес қосып отырған кәсіпкерлік нысандардың бірі. Ғасыр куәсі болған «Қуаныш» базары қазіргі таңда заманға сай жабдықталған. Мұндағы кәсіп иелеріне барлық жағдайлар жасалған. Базар бастығы , Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Инара Намазбаеваның айтуынша қазіргі таңда арнайы келісім-шартпен жұмыс жасап отырған кәсіпкерлердің саны екі мыңға шамалас. «Оның сыртында осы «Қуаныш» базарының ішінде қырыққа жуық жекеменшік иелері бар. Барлығын-дағы сауда жасап жатқандарды қосқанда екі мыңнан асады. Бес-он жыл бұрын қандай болды дегенге келер болсақ, даму бар.
Түркістанның облыс орталығы мәртебесін алуы тұтынушылардың өскелең талабына сай болу үшін, бізге үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктеді. Біз өзіміздің түскен пайдамыздың есебінен базарға жылда жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеміз. Кәсіпкерлерімізге барынша жайлы болуы үшін жылда инвестиция құямыз. Табысымыздың кем дегенде 30 пайызына дейін осы мақсатқа жұмсаймыз. Бұл Әбдіғаппар әкеміздің белгілеген жоспары. Сол ізбен жүріп, даму жұмыстарын кезең-кезеңімен атқарып келеміз. Бір кездері ғимараттардың ішінде жылу да болмады. Бірінен кейін бірін табиғи газға қостық. Бізде әлі күнге дейін барлық ғимараттар ауа баптағыш, желдеткіштермен 100 пайыз толық қамтылмаған. Шешілмеген мәселелеріміз көп. Бәрі де рет-ретімен, кезең-кезеңімен атқарылып келе жатыр»,- дейді базар басшысы.
Түркістандағы ірі базардың бірі саналатын «Қуанышта» кәсіпкерлердің қауіпсіздігіне аса мән беріледі. Базардың өн бойы бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда күзет агенттігі бар. Базар басшылығы күзет агенттігімен келісім-шарт бойынша жұмыс жасайды.
Бір айта кетерлігі мұнда кәсібі атадан балаға өткен, бүгінде сауданың көззін тапқан жандар да жетерлік. «Мұнда отыз жыл бойы бір орыннан тапжылмай табандылық көрсетіп, қаншама қиындықтарды бірлесе көтерген апа, көкелеріміз бар. Олардың арасында 90-шы жылдардан бұрын келгендері де бар. Киім, ет, азық-түлік саласында жетістіктерге жеткендері көптеп саналады. Олардың ішінде кәсібін отбасылық бизнес етіп, бала-шағалары жалғастырып жатқандары да жеткілікті. Мұны біз қазір «Дәстүр сабақтастығы», «Ұрпақтар сабақтастығы» деп атап жүрміз. Атасынан бастап, баласы жалғастырып, қазір немересі сауда жасап жатқандары да бар. Осы жерден зейнеткерлікке шығып, бизнесін ұлына, қызына қалдырғандарын немерелері жалғастырып жатқандары кездеседі. Тәлім-тәрбие үйретіп жатқандары мол. Мен бұған қуанамын. Себебі, өзім де әкемнің бизнесін жалғастырып келемін»,- дейді Инара Әбдіғаппарқызы.
Базар әкімшілігі жалға беру бағасына сақтықпен саралап, талдап таразылап барып, шешім қабылдауға келгенде үлкен жауапкершілікпен қарайды. Мәселен, доллар бағамы көтерілді. Мұнай бағасы өсті. Соған байланысты орынды жалға беру бағасын көтермеді. Себебі, базар басшылығы жылдың басында 1-ші қаңтарда әрбір кәсіпкермен келісім-шартқа отырады. Оны жыл бойы 31-ші желтоқсанға дейін бұзбайды. Жалға алу сомасы сол күйінде қалады. Бұған кепілдік пен сенім бар. Арадағы 30 жыл бойына базарда осы тәртіп қатаң сақталып келеді. «Әкем бұл мәселеге өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын. Халық-қа барынша қолайлылық, жайлылық жасау ол кісінің ұстанымы еді. Біз үшін халықтың сенімі үдесінен шығу парызымыз»,- дейді базардың иесі.
Қазір күн санап тұтынушылардың талабы күшейіп келе жатыр. Осыған байланысты базарда аумағында көкөністі бақылайтын токсикологиялық зертхана бар. Ет, сүт өнімдерін тексеретін сол павильонда ветеринарлық зертхана жұмыс істейді. Зертхана мамандары тексерулерін дербес өткізіп, сатуға тиісті құжаттарын береді. 1990 жылдан бері базарда барлық өнімдерді өткізудің талаптары, стандарттары сақталып келеді. Кәсіпкерлер де өз кезегінде көтерме саудаға шығаратын мекемелерден, өндіріс орындарынан сертификатын, керекті құжаттарын талапқа сай етіп алады. «Бұл клиент келесі жолы да азық-түлік өнімдерін етті, сары майды, ірімшікті келесі жолы да менен сатып алсын» деген кәсіпкер халыққа сапалы өнім ұсынып, қалтқысыз қызмет көрсетуге тырысады. Себебі, қала тұрғындарының денсаулығы оның атқарған қызметіне қатысты екендігін терең сезінеді.
Түркістан қаласының ортасындағы «Қуаныш» базарын қалалықтар ғана емес, жақын маңдағы аудандар мен ауылдардың тұрғындары жақсы біледі. «Қуаныш» базарының басшысы, Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Инара Намазбаеваның айтуынша, кәсіпті бастау оңай болмаған. "Базардың тарихына үңілу үшін қалалық мұрағат бөліміне барып, зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі «Қуаныш» базары 1961 жылдан бері жұмыс істеп тұрғандығы жөнінде деректер , құжаттарды таптық. Базардың алғашқы басшысы тағайындалғандығы жөнінде құжатты көрдік. Оның көшірмесін алғанмын. 1989 жылдан бастап орталық колхоз базары деп аталды. Оған Кеңес Одағының батыры Расул Есетов басшылық еткен екен. Ол кісі сол жылы зейнетке шыққан соң , байқау жарияланапы, менің әкем Әбдіғаппар Шаймерденов жеңімпаз атанып, базардың басшысы болды. 1991 жылы Қазақтан Тәуелсіздік алған тұста жекешелендіру басталды. Сол кезде ұжымдық жекешелендіру жолымен барлығымыз қосылып, пай үлесімен жекеге иемдендік. Ол кезде санаулы ғимараттар болды. Ашық алаңдар көп еді. 1991 жылдары мұғалімдер, дәрігерлер, бюджет-тік мекеменің қызметкерлері айлап жалақы ала алмағандықтан жерге газет төсеп, төрт бұрышына тас қойып, күнкөріс қамымен кез-келген нәрсені саудаға шығаратын. Базар аумағына кіріп сауда жасағандықтан «жабайы базар» деуге келмейді. Түркістанның облыс орталығы мәртебесін алуы тұтынушылардың өскелең талабына сай болу үшін, бізге үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктеді. Біз өзіміздің түскен пайдамыздың есебінен базарға жылда жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеміз. Кәсіпкерлерімізге барынша жайлы болуы үшін жылда инвестиция құямыз. Табысымыздың кем дегенде 30 пайызына дейін осы мақсатқа жұмсаймыз. Бұл Әбдіғаппар әкеміздің белгілеген жоспары. Сол ізбен жүріп, даму жұмыстарын кезең-кезеңімен атқарып келеміз. Бір кездері ғимараттардың ішінде жылу да болмады. Бірінен кейін бірін табиғи газға қостық. Бізде әлі күнге дейін барлық ғимараттар ауа баптағыш, желдеткіштермен 100 пайыз толық қамтылмаған. Бәрі де рет-ретімен, кезең-кезеңімен атқарылып келе жатыр" - дейді Инара Намазбаева.
«Бізде сатушыға да, сатып алушыға да жағдай қарастырылған, тіпті жылыту жүйесіне дейін қосылған. Барлығы да ыңғайлылық үшін. Базарға келген жан, мейлі ол саудагер не сатушы болсын, риза болып шықсын деп базар атауы "Қуаныш" деп аталды", - деді директор.
Саудасы қызу қайнаған базар басшылығы бұл сауда орнының негізгі ерекшеліктерін де тізіп берді. "Біріншіден, жарты ғасырдан астам тарихы бар. Тіпті бізде кезінде ата-әжелері сауда жасаған отбасылардың ұрпақтары сауда кәсібін жалғастырып отыр. Екіншіден, саудагерлер бірнеше ұлттың өкілдері. Барлығы да бір үйдің балаларындай тату-тәтті саудасын жасап келеді. Үшіншіден, бізде тұрақтылық пен сенімділік бірінші орынша", -деп сөзін түйді директор Инара Әбдіғаппарқызы.
Көне базарға күніне 1,5 мыңнан 3,5 мыңға дейін сатып алушы келеді
Түркістанның күре тамырына айналған базарда жалпы екі мыңға жуық жеке кәсіпкер бар. Базардан азық-түліктің барлық түрлері, киім-кешек, тұрмыстық техника сияқты жанға қажеттінің бәрі табылады.
Базардың тазалығы да басты орында болуы керек. Қала әкімдігі тарапынан сауда орындарының тазалығына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті ескертулер жолданған. Нәтижесінде қосымша қоқыс жәшіктері қойылды. Арнайы техника мен сұйық қалдықтарға арналған ассенизаторлық көліктің күнделікті жұмыс істеуі қадағаланып отыр. Тазалықты қамтамасыз етуге бекітілген 22 адам екі ауысымда жұмыс атқаруда. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында қала әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес, шаһардағы барлық кәсіпкерлік нысан әр аптаның дүйсенбісінде өз аумақтарында сенбілік ұйымдастырып отыр.
Базар – шаһардағы адамдардың ең көп шоғырланатын орындарының бірі болғандықтан қауіпсіздік талаптарының орындалуы да назардан тыс қалмады. Орталық базар аумағында 4 дана өрт гидранты, 56 өрт краны, 223 өрт сөндіргіш құралы қойылған. Тілсіз жаудан қорғану үшін 1750 дабыл нүктесі орнатылған. 105 автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылды.
Сонымен қатар базар аумағындағы ретсіз жарнамалар бойынша жұмысшы топ күнделікті аралау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда Тәуке хан даңғылы бойындағы кәсіпкерлік нысандарында талапқа сәйкес келмейтін 64 жарнама, базар ішіндегі аллея маңынан 36 жарнама, «Батыр» сауда орталығынан 8 ретсіз жарнама алынып, жойылды.