Меморандумға қол қойылды

Oinet.kz 10-09-2024 214

image.png

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Астана қаласына арнайы іссапармен барды. Онда «Sovico Group» компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхан Хунг мырзамен және компания делегациясымен кездесу өтті. 

Кездесу барысында Түркістан облысының әкімдігі мен «Sovico Group» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Жүздесуде Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту перспективалары, жаңа авиакомпанияларды тарту, қосымша әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және облыста туризмді дамыту мәселелері  талқыланды. 

Жаңа өндіріс орындарын ашуға басымдық берілуде
Түркістанда жаңа тұрғын үй кешені салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу