Су жаңа министрлер ант берді
19-01-2021
OINET.KZ - Ант беру - көңіл толқытатын рәсім. Әсіресе су жаңа мәжіліс депутаттары ант берер кезде сасқалақтап, сөздерін ұмытып қалып ел алдында ұятқа қалды. Өте нашар ант бергендерге Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ескерту жасап отырды.
Міне осы жерде сұрақ туындайды. Неге антты ОСҚ төрағасы Берік Имашев қабылдап отыр?
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайда?
Негізінен бұл рәсімге әдетте Президент қатысатын еді. Мысалы 2016 жылы ҚР Парламентінің VI шақырылымында жаңа сайланған депутаттардың Қазақстан халқына берген антын сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап отырды. Тіпті Сәкен Қаныбеков есімді депутат ант беремін деп Президент отырған төр жаққа озып кетіп залдағыларда ду күлдірді. Сол кезде Қаныбековтың тосын әрекетіне Елбасының өзі езу тартқан болатын. Жалпы алтыншы шақырылым депутаттарының Қазақстан халқына ант беру рәсімі көңілді өтті.
Ал VII шақырылым депутаттарының ант беруінде қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төбе көрсетпеді. Бұл нені аңғартады?
VII шақырылым депутаттарының ең алғашқы отырысы
Бәлкім қазір басқару жүйесі Президенттіктен Парламенттікке ауысып жатқандығынан ба? Бірақ "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағында: "Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды" деп жазылған сөз әлі өзгертілмеген екен. Яғни аталған рәсімге Президент қатысу керек еді. Дегенмен біз өзіміз күткен көрініске көрініске куә бола алмадық. Керісінше Президенттің өзі тағайындайтын ОСҚ төрағасы тікелей басшысының алдына шығып кеткендей әсер қалдырды.