Су жаңа министрлер ант берді
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жаңадан тағайындалған қос министр ант берді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Күні кеше Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңадан жасақталған болатын. Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрі және Серік Шәпкеновты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді. Су жаңа министрлер бүгін Үкімет отырысында ант берді.
- Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға мемлекеттің Конституциясы мен Заңдарын қатаң сақтауға өзімнің барлық іс-әрекетіме заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілігін, қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін! - деді министрлер Үкімет отырысында.