«Елеулі қатер төндіреді» - Тоқаев

Oinet.kz 10-07-2021 1060

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ұлттық қордың резервтерін толықтыруды тапсырды, сондай-ақ, инфляцияның өсуін елдің дамуына елеулі қауіп екенін айтты.

тоқаев.jpg

- Басым міндеттер тізімінде азық-түлік инфляциясын қоса алғанда, инфляция мәселелері тұруы тиіс. Қазақстанда инфляция өскенін бәріміз түсініп отырмыз. Рас, бұл үрдіс барлық көрші елде, жалпы әлемдік экономикада байқалады. Дегенмен, біз осында өмір сүріп жатырмыз, Қазақстанда инфляцияның өсуі - еліміздің одан әрі экономикалық дамуы мен әлеуметтік әл-ауқатына елеулі қатер төндіреді, - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тоқаев Ұлттық банк пен Үкіметке осы мәселелермен тығыз айналысуды тапсырды.

- Сонымен қатар, Ұлттық банктің міндеті - ұлттық қордың жағдайын үнемі назарда ұстау. Біз пандемия кезінде Ұлттық қор қаражатын, сондай-ақ бюджетті қолдау мәселелерін орынды пайдаландық. Бірақ стратегиялық жоспардың міндеті - ұлттық қордың резервтерін толықтыру, оның үстіне энергия ресурстарына бағаның өсу үрдісі бар. Бұл екі міндет, басқа да мәселелер сияқты, сіздердің портфельдеріңізде үнемі басым міндеттер тізімінде болуы тиіс, - деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

600 мың педагогтің жалақысы артады
Қазақ жігіті Италияда пианиномен еліміздің Әнұранын орындады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу