«Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынады» - Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салынатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- 1 ақпаннан бастап ең алдымен вакцина қажет топқа жататын тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуды бастау жоспарланып отыр. (...) Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллионға дейін қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр, - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 170 мыңнан асты. 154 449 адам емделіп шықты, 2 349 науқас қайтыс болды.