Үкіметтің алғашқы отырысы өтті
Жаңа тағайындалған үкіметтің алғашқы отырысы болды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Бұған дейін Қазақстанда жаңа үкімет құрылды. Он сегіз министрдің он алтысы өз қызметтерін сақтап қалды. Екеуі - Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов қызметінен кетті. Оларды тиісінше Әсет Ирғалиев пен Серік Шапкенов алмастырды.
Сейсенбідегі үкімет отырысында жаңа министрлер кезек-кезек мінбеге шығып, ант қабылдады.
- Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында мен өзімнің барлық күш-қуатым мен білімімді Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму жолына жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, барлық іс-әрекеттерімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық және ұлтаралық келісім қағидаларын ұстануға, адал қызмет етуге салтанатты түрде ант беремін. Қазақстанның мемлекеттілігі мен беделін әлемдік қоғамдастықта нығайтамын, - деді министрлер кабинетінің екі жаңа мүшесі.