«Nur Otan» депутаттардың тізімін қалай жасақтайды?

Oinet.kz 02-11-2020 1056

«Nur Otan» партиясының Орталық аппараты партия филиалдары конференцияларының әрбір кезеңін регламенттейтін нұсқаулықты бекітті, оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және Мәжіліске партиялық тізімге әр өңірден кандидаттар анықталатын болады.В Астане начался XVIII Съезд партии "Нұр Отан" под председательством  Нурсултана Назарбаева | Almaty.tv

Сонымен, партияішілік іріктеу – праймериздің екінші деңгейі аясында кандидаттарды конференцияларда пікірсайыстар күтуде. Мәжіліске үміткерлер, республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда, екі рет – аудандық және облыстық конференцияларда пікірсайысқа түседі. Парламенттің төменгі палатасының қызметтегі депутаттары бірден облыстық сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар конференцияларындағы пікірсайыстарға қатыса алады.

Партияның nurotan.kz ресми сайтында және primaries.kz сайтында жарияланған нұсқаулыққа сәйкес коронавирус пандемиясын ескере отырып, аудандық, қалалық және аймақтық партиялық конференциялар әлеуметтік арақашықтық қамтамасыз етілген үй-жайларда, сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып өткізілуі керек.

Нұсқаулыққа сәйкес аумақтық партия конференциясына делегаттарды бастауыш партия ұйымының жиналысы сайлайды. Праймеризге қатысқан кандидаттар және олардың сенімді өкілдері конференцияға делегат ретінде сайланбайды.

Ең жоғары рейтингке ие болған кандидаттар арасынан аумақтық партия конференциясына пікірсайысқа қатысушылардың тізімін филиалдың Саяси кеңесінің Бюросы бекітеді.

Конференцияларда дауыс беру «Праймериз» ақпараттық жүйесінде өткізілетін пікірсайыстардың қорытындылары бойынша дауыс беруді қоспағанда, делегаттың қол немесе мандатын көтеруі арқылы өткізіледі.

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін барлық пікірсайыс әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетінін атап өткен жөн.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған кандидат Мәжілістің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысушы ретінде облыстық конференцияға ұсынылады. Әрбір аудан, қала Мәжілістің партиялық тізіміне пікірсайысқа бір қатысушыны ұсынады. Облыс орталығы Мәжілістің партиялық тізіміндегі өңірдің өкілдік квотасына тең санда пікірсайысқа қатысушыларды ұсынады.

Облыстық мәслихаттарға партиялық тізімдер тиісті конференцияларда бекітілетін болса, ал Мәжіліске қорытынды тізім «Nur Otan» съезінде бекітіледі.

182 млн теңгемен ұсталған шенеунік тапсырыстың құрбаны ма?
Түгел Бекімбетов не үшін сотталды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу