182 млн теңгемен ұсталған шенеунік тапсырыстың құрбаны ма?
10 қыркүйекте 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа қатысты тағы бір дерек шықты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Осы аптада айыпталушы Таубаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтен өзін қызметінен босатуды сұраған.
" 22 қазанда Атырау облысы әкімінің атына мені әкімнің бірінші орынбасары лауазымынан босату туралы өтініш бердім. Бұл шешім тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс бойынша менің кінәмді мойындаумен байланысты емес, мен кінәм жоқ екенін дәлелдеуге ниеттімін, өйткені мені айыптайтындай ештеңе жасамадым.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарына жауапты жұмыс учаскесі жүктелді, мәслихат пен Мәжіліс сайлауы өтеді, осыған байланысты мен әріптестерімнің және Атырау облысы әкімінің атына қандай да бір күдік келтіргім келмейді. Осыған байланысты және тек осы себеппен осындай шешім қабылдадым" делінген әкімнің әлеуметтік желі арқылы елге жариялаған мәлімдемесінде.
Бұған дейін Таубаев Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаевтың (қазір энергетика министрі) өзінің орынбасары лауазымына шақырғанын, алдымен бәрі жақсы болғанын, бірақ кейін Ноғаевпен жұмыс "нәтиже бермегенін" мәлім еткен болатын.
-Мен сіздерге осы арандатудың артында кім тұрғанын білетінімді және біріншіден, менің кінәсіздігімді дәлелдеу үшін бәрін жасайтынымды, екіншіден, оны ұйымдастырған адамдар әділ жазалануы үшін барлығын жасайтынымды айтқым келеді. Мен Президентке дейін барамын", - деді Н.Таубаев.
Бірінші орынбасарды расында да біреу арандатты ма әлде бұл ақталу ма? Бәрін уақыт көрсетеді.