Күзде қалай семірмеуге болады?
Шыныменде, күн суыған сайын біздің тәбетімізде күшейе береді. Әрдайым әркезде тамаққа тәбетің тартып тұратыны рас. Сондықтан күз, қыс мезгілдерінде артық салмақ қосып алып жатамыз. Қарын ашпай, толып кетпес үшін қалай тамақтанамыз? Сауалға жүгіне отырып, суық күнде артық салмақ қосып алмау үшін бірнеше кеңес ұсынбақпыз.
Қатаң диетасыз арықтау
Ең біріншіден, жейтін тағамыңыз сіңімді болуы керек, бірақ олар майлы болмауы қажет. Мысалға, бәліштің орнына ботқа жеуіңізге болады. Ботқа организміңізге күш ғана беріп қоймай, артық салмақтан арылуға септігін тигізеді.Екіншіден, тамақ ішу тәртібіні сақтау керек. Ас ішкенде бірден тойып тамақ жеп, кейін қарныңыз ашпасын. Қанағат ете біліңіз! Әрбір 4 сағат сайын тамақты аздан жеуге болады. Үшіншіден, өзіңізге мәзір құрып қойыңыз! Мәзірге көп жеміс-жидек, көкөністі енгізіңіз. Және кофені көк шаймен алмастырғаныңыз жөн. Және де кептірілген жеміс жеген де өте пайдалы. Сорпа ішуге тырысыңыз, олар сізді жылытады да, тойдырады әрі толып кетпеуге көмектеседі. Пенсильван мемлекеттк университетінің зерттеушілері ас уақытында бірінші сорпа ішетін адамдар 100 калория азайтып, одан кейін көп тамақ жеуге болатынын анықтады. Тағамда болатын су, біз күнделікті ішіп жүрген суға қарағанда тоқ болып жүруге өз әсерін береді. Кофеиннің көптігі денеге майдың жиналуына алып келеді, сондықтан суық күйде жылынғыңыз келсе, кофе орнына өсімдік шайын ішіңіз. Суық күнде жарықтың жетіспеуі көңіл-күйді түсіруі мүмкін. Бұл тек қана көңіл-күйге ғана әсер етіп қоймай, тез шаршап қалуға алып келеді және тәбетті жоғарылатады. Сондықтан түсте көп жүріңіз және біле жүргеніңіз жөн, 50 минуттық жүріс 70 калорияны азайтады. Ақуыз қосылған тамақтарды көп жеңіз. Мұндай тағамдар қарынның ашқанын басады. Ащы тағамдар салмақ түсіруге көмектеседі, сондықтан бұрыш қосылған мексикалық тағамдармен ауқаттаныңыз.
Сөз соңында айтарымыз, су ішуді ұмытпаңыз! Өйткені адамдар жазда ғана ыстықтамайды, суық күнде адам организмі терлей беріп, су жоғалтады, сондықтан оның орнын 6-8 стақанмен толтырып отырғаныңыз жөн.
Дереккөз : anabol.kz