Қазақтар туралы қызықты деректер

Oinet.kz 26-02-2019 1609

597-1476211460-1f74f41f2e.jpg

Қазақты ата жұрты санап, оралғысы келетін қандастарымыз енді Қазақстанның бас қалалары Астана мен Алматыда тұру үшін арнайы талаптарды орындаулары шарт. Атап айтқанда, олар кем дегенде 4 жыл бір мекен-жайда тұрып, есеп-шоттарында 2,6 млн. теңге болуы шарт. Себебі, дәл қазір осы аталған екі қалада оралман мәртебесін алу уақытша тоқтатылды. Дегенмен, өзге аймақтарда оралман мәртебесін алу оңайырақ болғанымен, Астана мен Алматы қалаларында тұрақтап қалғысы келетіндердің саны көп.

***

Қазақстанға нәпақы табам деп келгендердің ішінде басым бөлігі - қытайлықтар. Олар жалпы шетелдік жұмыс күшінің 31 пайызын құрайды екен. Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі бізге Қытай мен Түркия елдерінен келеді. Егер салалар туралы сөз қозғасақ, онда шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етеді – барлық тартылған шетелдік жұмыс күшінің 66%-ы, сондай-ақ тау-кен, өңдеуші өнеркәсіптерге де жұмылдырылады.

***

Ғалымдар өзінің болашақ жарын тез тапқан адамның өзін көп артық психологиялық проблемалардан сақтайтынын анықтаған екен. Бұл туралы АҚШ ғалымдары мәлімдеген екен. Атап айтқанда, Мичиган университетінің микробиологтары компьютерлік модельден мыңдаған санды ағзаның өзіне тең келетін сыңары болып табылатын компьютерлік бағдарлама іздеу кезінде төнетін қауіп-қатерлер мен әрқилы тәуелкелге деген ара қатынасын есептеген. Осы бойынша санды ағзалар өздеріне ең жақында орналасқан бөлшектермен жақындасады екен. Яғни, олар сыңарын іздегенде бөлшектердің ең қауіпсіз деген түрін таңдайды. Бұл дегеніміз адамдар да өзін қауіпсіз сезініп, жақын жүрген адамына үйленгені дұрыс. Осылайша өзін «қорғаныста» сезініп, жұбы жоқтарға қарағанда өмірін орнықтырған болып есептелінеді. Әйтпегенде, көп іздеп, өмірінің соңына дейін ешкімге көңілі толмай, не теңін таппай, не бала таппай өтуі мүмкін.

Осы күніме шүкіршілік
Комментарийдегі адамды қорлайтын сөздер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу