Комментарийдегі адамды қорлайтын сөздер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?

Oinet.kz 26-02-2019 1132

959-1476211474-270c4326f9.jpg

Комментарийдегі адамды қорлайтын сөздер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма? Интернетте бір адам қызымыз екеуміздің әбден мазамызды алды. Ар-намысымызға тиіп, түрлі қорлайтын сөздер жазады. Кімге барып, қалай арызданамын? Интернеттегі дөрекі адамдарға қатысты не істеуге болады?

Сандуғаш

Қорлау екінші бір адамның ар-намысы мен абыройын төмендетуге бағытталған, жеке басына жағымсыз тұрғыда баға беретін, тұрпайы түрде жасалған әрекет ретінде көрініс табады. Бұл негізінен жәбірленушінің ашу-ызасын оятып, ар-намысын аяқасты ету үшін жасалады. Бұл қоғамда жалпы мойындалған адамның өзін-өзі ұстау ережелеріне қайшы келеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен де қарастырылған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабында адамды қорлағаны үшін жаза тағайындалатыны туралы айтылған. Бұл жерде Интернетте орын алатын қорлау, жәбірлеу мәселелері де қосылады.

Интернет блогта немесе комментарийлердегі адамды қорлайтын сөздер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма? Иә, болады. Блогтарды реттеу заңнамасының болмауына қарамастан, автордың біреуді қорлауы немесе комментарийлердегі адамның намысына тиіп, арын таптайтын сөздерді жазатындарды қылмыстық жазаға тартуға болады. Мұндай істер жеке айыптау ісі болып табылады. Жәбірленуші қылмыстық қудалау органдарына (тергеу, анықтау, прокуратура) шағымдануға болады. Жәбірленушінің арызы фактілері бойынша полиция мен прокуратура органдарымен сотқа жолданады.

 Айыпталушының кінәсін қалай дәлелдеуге болады? Ең алдымен дәлелдер ретінде куәлердің жауаптары, бейне-аудиожазбаларын алуға алады. Осы дәлелдердің барлығы арызда көрсетілуі немесе іс материалдарына тіркелуі тиіс. Сот талқылауы барысында психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалуы да мүмкін. Іс материалдарына жәбірленуші мен жәбірлеуші арасындағы пікір жазысуы да тіркеледі. Қажет болған жағдайда, сот бұларды да дәлел ретінде қарастыра алады. Егер сот жәбірлеушінің әрекетін қылмыстық жазалауға тұратын әрекет деп тапса, жәбірлеуші қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Өкінішке орай, біз ғаламторда, әсіресе, әлеуметтік желілерде түрлі ғайбат сөздер жазып, бір-біріне тұрпайы жауап қайтарып жатқандарды жиі кездестіріп жүрміз. Бұл мәселе біздің өнер жұлдыздарына да таныс жағдай екені жасырын емес. Олар «күресті» қалай жүргізеді екен, соны тыңдап көрсек.

Дереккөз : anabol.kz

Қазақтар туралы қызықты деректер
Ойын-күлкі – витамин!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу