"Ол адам өлтірмес еді"- Бишімбаевтың экс-жұбайы жан сырын ақтарды

Oinet.kz 23-01-2026 86

24 жылға сотталған экс министр Қуандық Бишімбаевтың бірінші  әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде  бұрынғы өмірінен сыр шертті. Ол күйеуінен ажырасуға не себеп болғанын ашып жазды, деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі. 

image.png

Назымның айтуынша олар 2016 жылы Мальдив аралдарына демалысқа кеткен.  Отбасылық саяхат кезінде Бишімбаев әлдебір әйелмен қарым-қатынаста болыпты.  "2015 жылы оның басқа әйелмен байланысы барын білдім. Соған қарамастан отбасымды сақтап қалуға тырыстым. Екеуіміз де жұмыс істейміз деп ойладым. Бірақ іс жүзінде бәрін жалғыз мен жасадым. Кешіруге, ұмытуға, қарым-қатынасты сақтауға тырыстым. Өз-өзіме сенім жоғалды. Ал ол сол демалыс бойы әлгі әйелмен байланысын үзбеді, – деп жазады ол. 

Айтуынша ол күйеуінің Анар есімді келіншекпен сөйлескен хаттарын оқып, опасыздығын әшкерелеген. 

- Екі жақта өмір сүрді. Көпшілікке – сүйікті жар. Ал шын мәнінде… Бұл жазбамен тек опасыздарды емес, сол әйелдерді де ойландырғым келеді. Мұның соңы неге апарады? Егер Қуандық сол кезде өз-өзіне адал жауап бергенде, бәлкім, біз отбасын сақтамас едік. Ол адам өлтірмес еді, жанын жоғалтпас еді. Оның 2026 жылы мүлде басқа болар еді. Бұл — сыни ойлаудың қаншалық маңызды екенін көрсетеді, – деп жазды Назым.

  Қаһарман Бишімбаевтың өзіне тым көп шектеу қойғанын, үнемі бақылауда болғанын  және психологиялық қысым жасағанын жасырмады.  

 Жазба соңында келіншек "Бұл оның таңдауы болды. Қазір оның жанында ешкім жоқ — отбасы да, достары да. Тіпті кей туыстары мүлкін алып кеткен, – деп жазды.

Еске сала кетейік, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі былтыр мамырда шыққан болатын. Ол 24 жылға сотталды. 

“Сіз педофилсіз бе?” Жігер Ауыпбаев сынның астында қалды
«Иттер элиталық азық жеп жатыр ма?» Қызметтік иттердің азығына 3 млрд теңге жұмсалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу