“Сіз педофилсіз бе?” Жігер Ауыпбаев сынның астында қалды

Oinet.kz 23-01-2026 53

Эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінен 15 жас кіші Мумина есімді сүйіктісіне  арналған әнінен видео жариялады. Алайда ән тыңдармандардың сынына ұшырады деп жазады  Оinet.kz ақпараттық порталы.

image.png

 Желі қолданушылары әндегі “кіп-кішкентай қыз” деген сөзге мән беріп, әнді педофилияны қолдайтын мазмұн деп бағалады.

“Кіп-кішкентай қыз? Педофилдердің әні, қандай күлкілі”,“Жиіркеніштісін-ай, өлеңі де, қылықтары да… тіке мағынада айтқанда кішкентай қызбен жүріп кеткені!”, “Сіз педофилсіз бе?” деген сыңайлы пікірлер өте көп жазылған.  Сонымен қатар, қолданушылар әншінің сүйіктісімен жас айырмашылығын да сынға алды. 

Айта кетейік, жақында Жігер Ауыпбаев көпшілікке өзінің сүйіктісін таныстырған болатын.  Ауыпбаевтың көңілі ауған арудың жасы 23-те. Ал Жігер 38-де. 

"Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау". Әнші Qanay жақынынан айырылды
"Ол адам өлтірмес еді"- Бишімбаевтың экс-жұбайы жан сырын ақтарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу