Балалардың мерейі үстем болды

Oinet.kz 01-06-2019 741

Screenshot_10.jpg

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында дәстүрлі ұлттық тәрбиені ұлықтау керектігін, ата мен әже институтын дәріптеу қажеттігін қадап айтқан болатын. Елбасының тағлымға толы мақаласын жүзеге асыру мақсатында Түркістан қаласында ауқымды іс-шара өтті. Есім хан алаңында Халықаралық балаларды қоғау күніне арналған «Шабыт» шеруі өтті. Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің үшінші шеруіне саз, өнер мектептері, колледж студенттері мен қала мектептерінен 3000-ға жуық оқушы қатысты.

«Балаларымыздың мерейі үстем болса – мемлекетіміздің мәртебесі қашанда биік», – деген облыс әкімінің орынбасары М.Отарбаев балаларға жеңіс пен бақыт тілейтіндігін жеткізді. Түркістан облысындағы барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін акцияның маңыздылығы орасан екендігін де назардан тыс қалмады.

Шеру жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Бұл күні балалар да ерекше шаттанып, ән айтып, күй тартып, би биледі. Балалық шақ мейрамына есте қаларлықтай көрініс берген кешті ата-аналар, мәдениет пен спорт өкілдері ерекше ықыласпен тамашалады.


Алаш арыстарын еске алды
«Менің туым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу