Тәртіп сақшылары сайысты

Oinet.kz 20-05-2019 735

Screenshot_10.jpg

Елдің тынышытығын күзетіп, қоғам ішінде тәртіп орнататын полиция қызметкерлерінің еңбегі адал, жауапкершілігі көп. Тәртіп сақшылары ынталандырып, имидждерін көтеріп оытру маңызды. Осыы орайда Түркістанда Тәртіп сақшыларының қатысуымен дәстүрлі облыстық «Парасатты полицей» байқауы өтті. Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен байқауға Полиция департаментіне қарасты қала-аудан полиция басқарма бөлімдерінен барлығы 13 команда қатысты. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы, полиция полковнигі Салтанат Қаракөзова сайысқа қатысушыларды құттықтап, байқаудың мақсатына кең көлемді тоқталып өтті. «Бұл байқаудың негізгі мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, «Жастар жылын» қолдауға байланысты, жас және білікті полицейлерді таныту, полиция мамандығының деңгейін өсіріп, оң имидж қалыптастыру. Сонымен қатар, ең маңыздысы мемлекеттік тіліміз «қазақ тілінің» мәртебесін нығайту», – деді ол.

    Байқауға қатысқан полицейлер өз ісінің шебері ғана емес ән мен биге жақын шығармашылықтың адамы екендерін дәлелдей білді.  Тәртіп сақшыларының тартысты өткен доасында бас жүлде Төлеби ауданының намысын қорғаған «Төлеби  қырандары» командасына бұйырды. Топты жарып шыққан команда республикалық байқауға жолдама ұтып алды. Бірінші орынды – Арыстық «Арыс айбыны» қанжығасына байласа, екінші орынды – Жетісай АПБ-нің «Қыран» тобы мен Шардаралық «Шардара – Шағала» командалары өзара бөлісті. Ал үшінші орын - Сарыағаштық «Сарыағаш қырандары» және Ордабасы АПБ-нің «Ордабасы қырандары» командаларына бұйырды. Бұған қоса, 6 номинация бойынша өзге де командалар жеңімпаз болып танылды. Сайыста оза шапқандарға диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 


Алғашқы қауын-қарбыз пісуге жақын
Жәдігер табыстаушылар көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу