Түркиядан келетін туристер де таңданысын жасыра алмады

Oinet.kz 10-11-2022 345

Screenshot_9.jpg

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер әуелі оның ұстазы Арыстан бабтың Отырар жеріндегі мазарына барып құран бағыштайды. Одан кейін ғана Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келіп зиярат етеді. Қорық-мұражай аймағымен таныстырушылар туристерге Гауһар ана кесенесіне баруға кеңес береді екен. Гаухар ана кесенесіне келушілердің алған әсерін білмек болып, сөзге тарттық. 

Түркиялық турист Мексерне Шахин өз әсерімен бөлісті. 

"Мен Қожа Ахмет Ясауи ілімі жайлы ғаламтордан  арнайы деректер іздеп қарадым. Қазақстанға, нақтырақ Түркістанға келу жайлы шешім қабылдағанда, Гауһар ана мазарына міндетті түрде барамын деп ойладым. Маған бұл жердің суынан дертіне шипа іздеп келетін адамдардың жағдаяттары қызық көрінді.  Кесене аймағының өсімдіктерге бай, саялы екендігі жағымды әсер етті. Менің таңданысымды тудырған - артизан суының тастай салқындығы болды.

Мазарға келушілердің барлығы бірін - бірі жатсынбай көмек көрсетуі, зиярат ету тәртібін тыңғылықты түсіндіруі ұнады. «Қазақ халқы - қонақжай» деген пікірдің растығына көзім жетті. Аңыз - әңгімелерде айтылатын Қылуетпен байланыстыратын жерасты жолы шын мәнісінде бар болып табылса, келушілердің қатары мұнан да молая түсер еді. Мен Түркістан қаласында түскен суреттерімді әлеуметтік желіде жариялағанымда, достарым қатты қызығушылық танытты. Күлтөбе қалашығында археологиялық парк ашылғанда қазақ еліне тағы да саяхаттап келемін деп шешім қабылдадым", - дейді зияратшы.

Зиярат туризмі қанат жайған
Дертіне шипа іздейтіндер ішкі туризмді дамытуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу