Дертіне шипа іздейтіндер ішкі туризмді дамытуда

Oinet.kz 07-11-2022 264

Screenshot_10.jpg

Әлемнің түкпір-түкпірінде туристер толассыз саяхаттайтын мекендер көп. Әр елдің атауымен байланысты кеңінен  танымал нысандар бар. Англия десе-Биг-Бен мұнарасы, Франция десе Эйфель мұнарасы, Үндістан десе Тәж Махал кесенесі елестейді. Нысандар архитектуралық жетістік деген ортақ титулға ие болғанымен, әркелкі жағдайда тұрғызылған.

Гауһар ана қорық-мұражайының қорықшысы Сапарбай Оразғалиевтің айтуынша, анамыз емшілік қасиеті ерекше жан болған. 

«Гаухар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы.  Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі.  Қожа Ахмет Ясауи мен Гауһар ана кесенесі арасында жерасты жолы бар деген аңыздар да бар. Гауһар анамыз әкесі жерасты қылуетіне түскен кезде өмірден өтеді. Ясауи бабамыз қылуеттен күн шуағына шықпай қызының мазарына барып тұру үшін жерасты жолын салған деседі. Бірақ тарихи деректерде жерасты жолы туралы мағлұмат көп кездеспейді. Аңыз-әңгімелерде ГауҺар ананың баласы болмағаны айтылады. Әкесі «Еміңнен жазылған адамдардың бәрі – сенің балаларың» деп қызын жұбатқан деседі. Ана өмірден өтерінде: «Мені інім Ибраһим шайхтың қаны төгілген жерге қойыңдар» деп аманаттаған екен. Гауһар ананың інісі Ибраһимді халық өздері қазған құдықтан рұқсатсыз су алғаны үшін кетпенмен шауып өлтірген екен. Нақақтан-нақақ жаны қиылған бауырының қаны төгілген жерде Гауһар ананың мазары жатыр. Деректерде, анамыздың ақылы көркіне  сай ерекше жан болғандығы айтылады. Гаухар ана кесенесі – өте көне ескерткіштердің бірі. Тіпті, патшалық Ресей кезінде ескерткіш мүжіліп, жартысы құлап қалған екен. Кейін еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта кесене тұрғызылды. Бүгінде Гаухар ана кесенесіне келушілер нөпірі өте көп. Туристердің көбі дертіне шипа іздеп келеді. Талай жанды емдеп, ауруынан айықтырған қасиетті ананың шарапаты тисе деп тілейді. Тіпті кейбіреулер дертінен құлантаза айығып кетіп жатады. Мысалы, Нұрғали Алдабергенұлы деген азамат бауыр ауруынан жапа шегіпті. Ешқандай жерде емі табылмай дал болып Гауһар ана кесенесіне ниет етіп келген. Артизан суына түсіп, ем қабылдаған соң, құлан таза айығып кеткен екен»,- деді бізбен әңгімесінде Сапарбай Оразғалиев. 

Түркиядан келетін туристер де таңданысын жасыра алмады
Кесенеге келушілер жаздың ыстығында құжырада салқындай алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу