Зиярат туризмі қанат жайған

Oinet.kz 09-11-2022 411

Screenshot_8.jpg

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер әуелі оның ұстазы Арыстан бабтың Отырар жеріндегі мазарына барып құран бағыштайды. Одан кейін ғана Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келіп зиярат етеді. Қорық-мұражай аймағымен таныстырушылар туристерге Гауһар ана кесенесіне баруға кеңес береді екен. Гаухар ана кесенесіне келушілердің алған әсерін білмек болып, сөзге тарттық. 

Атырау қаласынан келген зияратшы Асия Карина кесененің кереметі туралы баяндады.

"Түркістанға алғаш рет келуім. Негізі қызым осыдан екі жыл бұрын осы рухани астанаға оқуға түскен. Дегенмен сол кездерде келе алмасам да, осы жылғы демалысымда киелі қалаға қадам басу бұйырыпты. Түркістанда өзгерістер өте көп. Мен оған қуаныштымын. Бірнеше жерлерді қызыммен аралап таңдандым.  «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахмет Ясауидан» тіле деген өсиетті сөзді ескеріп, бірінші  Отырарда болдық. Бабаларымызға зиярат еттік. Қожа Ясауидің өмірі туралы бірнеше ақпараттар естідім. Мәселен мен отбасы жөніндегі мәліметтерді білмеуші едім. Осы жақтың адамдарынан ести отырып, Ясауи бабамыздың қызы Гауһар анамыздың мазары жөнінде білдім. Түркістанға жақын маңайда орналасқан мазарға барып зиярат етпесем болмас деп жолға шықтық. Гауһар анаға арнап құран оқытып, қасиетті орыннан нан мен  судан ауыз тидік. Бізге шырақшы Гауһар ана жайлы айтып  берді. Гауһар ана - емшілердің пірі. Бүгінгі таңда Гауһар ананың басына Қырғызстаннан, Өзбекстаннан дәрігерлер жиі келіп құран оқытады екен. Гауһар анамыз жұма намазын Меккеде оқыған деген тың деректерді естідім. Бұл кесененің тарихымызды тануға, аналарымызды аялауға, денсаулығымызды сақтауда, дүниетанымы кең де саналы ұрпақ тәрбиелеуде берері мол", - дейді зияратшы. 

Құмыра жасау үшін шетелден келетін туристер қатары аз емес
Түркиядан келетін туристер де таңданысын жасыра алмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу