Ирактық турист Түркістанды тарихи мекендері үшін таңдағанын айтты

Oinet.kz 15-11-2022 328

Screenshot_22.jpg

Саяхаттаған еліңнен алған әсерің ұмытылмастай болуы үшін кәдесыйлардың алар орны-бөлек. Қазақстанғы туризм саласы жолға қойылған қалалардың бірі, Түркістандағы туристердің талғамын таразылап көрген болатынбыз. Шетелдік туристерге қандай кәдесый ұнайды?

Ирактық турист Динчер Динч қазақ халқының қонақжайлығына ризашылығын жеткізді. 

"Мен Түркістан қаласына білім алу үшін келдім. Бұл қаланы таңдауыма тарихи орындардың әсері басым болды. Таулы аймақ, өзен-көл, жалпы айтқанда әсем табиғат маған комфорт сыйламайды. Мені Қожа Ахмет Ясауи тарихи нысаны көп қызықтырды. Тіл үйрену қиынға соқпады. Қала тұрғындары қонақжай болғандықтан климатқа тез бейімделдім. Қазақстаннан отанымдағы достарыма қолөнер бұйымдарын апарамын. Оларға қазақ  мәдениеті қызық. Өлкелеріңіз туралы ақпаратты естіген таныстарым Қазақстанға келуге қатты құмартады. Алғашында, «Ол мемлекет қай материкте орналасқан», деп те сұрайтын. 

Байыпты қалыпта «Азияның жүрегінде орналасқан тарихы терең мемлекет» деп түсіндіремін. Балбал мүсінше, құрақ жастық сыйлаған достарым қатты таңданды. Құрақтың тігіннен қалған қалдық материалдан дайындалғанын естіп, қазақтардың ысырапшылдыққа жол бермейтіндігіне құрметпен қарады. Кейіннен сол досым ою-өрнектерді зерттеп кетті. Әр оюдың өзіндік мағынаға ие екенін білгенде, «қазақтар-ұлы халық» екен деп қорытынды шығарды. Кәдесый неғұрлым ұлттың қандай екендігін ұқтыратын болса, соғұрлым сұраныс артады", - дейді турист. 

Түркістандық шеберлер туристерге қала тарихынанан сыр шертеді
Ұлы Жібек Жолының бойындағы Түркістанға қызығушы туристер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу